Шұғаның белгісі» хиқаяты. Өзінің проза жанрындағы тұңғыш туындысы—»Шұғаның белгісі» хикаятын Б. Майлин жасы жиырмаға толар-толмаста «Садақ» атты қолжазба журналда жариялайды. Соған қарамастан, бұл шығарма күні бүгінге дейін қазақ прозасының айтулы үлгілерінің бірі болып қалып отыр. Егер ол кез — 1914—1915 жылдары — қазақ прозасының жаңа ғана бой көтере бастаған балаң шағы екенін ескерсек, онда мұндай ғажайып туындыны қолына жаңа қалам ұстаған шәкірт талапкердің дүниеге әкелуі танымдық тұрғыдан да ерекше қызық кұбылыс. Хикаятта ескі қазақ қоғамындағы кезекті мәселе — әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы әңгіме болады. Әлеуметтік теңсіздік кедергі болып, армандарына жете алмаған байдың қызы — аяулы Шұға сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдыры суреттелген. Есімбек бай қызын кедей жігітке бергісі келмей, олардың жолығысуына тыйым салады. Онымен де тынбай, өтірік жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Осындай қатыгез зорлықтан ішкұса болған нәзік жанды Шұға айықпас дертке шалдығып қайтыс болады. Айдаудан босатылған Әбдірахман сүйікті ғашығы — Шұғасына асығып жеткенде, қайран арудың қазасының үстінен шығып, бордай егіледі, өзіне қалдырған хатын оқып, көз жасын көл етеді…
Осы қысқа қайырымды оқиға сүйіскен жастар бостандығын қолдап, оған ерік бермейтін ескілікті сынайтын, ғасырға жуық уақыт бойы оқырмандарын тамсандырумен келе жатқан сұлу да сырлы, әсем де әсерлі хикаятқа қалай айналған десеңізші!
Хиқаят күзгі табиғаттың әсем суретінен басталады: «Біз елден шыққанда күн де сәскелікке жақындап еді. Ұшпалысу бұлттар көшкен керуен сықылды тіркесіп оңтүстікке қарай жылжып ұшып, күннің көзі біртіндеп ашыққа шығып, жылы шырайлы нұрын шаша бастады». Баяндаудың осы бір жайма шуақ әуені әсерлі әңгіменің нышанындай сезіледі.
Әрі қарай «біз» дегеннің бірі — автор, екіншісі — «отыз-қырықтың шамасындағы жер ортасы адам» — Қасымжан деген «сиректеу сақал-мұрты бар, қара бұжыр» кісі екенінен хабардар болып, біршама портреттік белгілерін де біліп аламыз. Әңгімешінің мінген атының үсті-үстіне ұрып отырмаса, кейін қалып қала беретін қырсау, ал тыңдаушының атының «жүргіштеу… жортақтау» болуының өзі де оқырманның хикая қызығына деген ынтасымен әуендестік танытады…
Өзінен де пайдалысы өзегі.
(Қарындаш)Қабы сояу,
Дiнi – бояу.
(Қарындаш)Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар.
(Қарындаш)Ойларынды аңсаған,
Асыл сөздi ақ алаңға,
Түсiруден шаршаған,
Мен емеспiн әмәнда.
(Қалам)Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар iзiнде.
(Қаламсап)Денесi бар шыбықтан,
Темiр тұмсық құдықтан,
Сусын алып iшедi,
Ойы iз боп түседi.
(Қаламсап)Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)Тау, қыр, жазық, өзен, көл –
Қабырғада биік тұр.
Нансаң, кел, өзің көр –
Бір қағазға сыйып тұр.
(Карта)Доп сынды келбетi,
Онда бар түп-түгел,
Әлемнiң әлпетi.
(Глобус)Көкқұтанша ақ айдында,
Бiр аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.
(Циркуль)Емес ол кітап та, дәптер де,
Жүреді бірақ та портфельде.
Көрсетіп ондағы бағаңды,
Қуантып қоясың ағаңды.
(Күнделік)Бiлiм менен тәлiм,
Парақты ашқанда
Беттерiнен мәлiм.
(Күнделiк)Оқушыға күнде ерiп,
Жүретiн не?
(Күнделiк)Қабат-қабат қаттама,
Қаттамадан аттама.
Ақылын оның ала бер,
Айтқан сөзін жатта да.
(Кітап)Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем.
(Кітап)Тақтаны «досым» дейді,
Өзін сол досы «жейді».
(Бор)Төрт қырлы, өзi аппақ,
Тақтадағы iзi аппақ.
(Бор)Кең алаң – тақырдан,
Шиырлап қайтады.
Ақ қант қатырған.
(Бор)Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып.
(Дәптер) .Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып.
(Дәптер)Үстiнде есiгi,
Өзi орындық, әрi үстел,
Оқушылар бесiгi.
(Парта)Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп.
(Тақта)