Менің қысқы демалысым
Қысқы демалыс басталысымен мен ауылға кеттім. Онда менің атам мен әжем, көкем мен тәтем және бауырларым тұрады. Көкеме қар күреуге көмектестім. Бауырларыммен қардан аққала жасап, есік алдында өсіп тұрған шыршаны ойыншықтармен безендірдік. Ауыл балаларымен қырдан шана тептік, қар лақтырысып ойнадық. Ойнап келген соң, әжемнің ыстық бауырсақтарымен шай ішетінбіз. Жаңа жылда қаладан ата - анам келіп, бәрімізге сыйлық әкелді. Қысқы демалысым өте қызықты өтті.
Мои зимние каникулы
С началом зимних каникул я уехал в аул. Там живут мои дедушка с бабушкой, дядя с тетей, брат и сестра. Я дяде чистить снег. С братом и сестрой слепили снеговика, украсили игрушками елку во дворе. С другими детьми с аула катались на санках, играли в "снежки". После игр возвращались домой и пили чай с бабушкиными горячими баурсаками. На новый год приехали родители с города и привезли всем подарки. Зимние каникулы очень весело.
2.Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан
3.Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:1) жануарлар туралы ертегілер;2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген.Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады.
5.Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.Учение – основа знания, знание – основа жизни.
Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.В учении трудно, да плоды учения сладки.
6.Отанды сүю отбасынан басталады.Любовь к Родине у семейного очага зарождается.
Туған жердің жуасы да тәтті.И дикий лук на Родине сладок.