Шығарма «Ардақты менің Ата-Әжем!» Менің атам мен әжем Астана қаласында тұрады.Менің әжем Байсақалова Мараш Ибрагимқызы 1947 жылы Атбасар қаласында дүниеге келген. Менің атам Бекбергенов Талғат Әлібекұлы 1948 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді. Әжем Қарағанды қаласына оқуға келгенде атаммен танысып, екеуі ұзақ уақыт бойы жақсы қарым-қатынаста болды. Содан соң екеуі үйленіп, отбасын құрды. Үйленгеннен кейін атам әскер қатарына шақырылды. Біраз уақыттан атам келгенше, Айгүл деген қыз бала дүниеге келді. Атам әскер борышын абыроймен атқарып үйге оралды. Олардың ата-анасы Мәдениет ауылына көшіп келді, атам мен әжем де бірге көшіп келді. Мәдениет ауылында атам мен әжемде үш ұлы: Нұрлан, Бауыржан, Ғалымжан дүниеге келді.Атам мен Әжем өте бақытты кісілер.Біраз уақыттан кейін Астана қаласында үй салып, сонда көшіп кетті.Мен жазғы каникул кезінде атам мен әжеме асыға барамын.Олар мені өте жақсы көреді. Атам мен әжем секілді ешкім жоқ, мен оларды жақсы көремін. Мен үшін өте қымбатты адамдар ауырмай, сырқамай көп жасасын дегім келеді.
Әже... Үш ақ әріптен тұратын не деген асыл сөз! Аяулы да ардақты сөз. Әженің ертегісін тыңдағанға не жетсін? Тәттіні де осы әжелеріміз немереме деп сақтаушы еді ғой. Анамыз ұрысқанда да әжемізге барушы едік қой. Асыл әже деп ел бекер айтпаған ғой. Әжеге немере әрқашанда ыстық болады. Сол себепті ардақты әжелерімізді ұмыт қалдырмайықшы! Асыл әжем, Сәл көрмесем, сағынамын. Асыл әжем, Шырағың боп жағыламын. Жетелеген арманға, Сенен ыстық жан бар ма? Асыл әжем!
1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді.
«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.
Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады.