Отан отбасынан басталатындықтан», ата-ананың тәрбиесімен бойға даритын ізгілікті балабақшада дамытып, мектеп пен жоғарғы оқу орындарында рухани және дәстүрлі құндылықтарды жастардың санасына сіңіру – оның тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды іс. Елбасымыздың әрбір Жолдауына зер салсақ, онда жүктелген міндеттер, ең алдымен, жастарға жүктелген жауапкершілік екенін аңғаруға болады. Президентіміздің айтуынша, мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты – лайықты тұлға ретінде болашақ ұлтжанды азаматты тәрбиелеу болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінін нұрландырып, ертеңін гүлдендіретін ұлағатты ұрпақ деп біледі. Осының барлығы да, кең ауқымдағы жетістікке жету жолына барлық алғышарттары бар жастардың қозғаушы күші ретінде танылады.
Тілімізді, ұлттық мүдделерімізді насихаттайтын да, өзімізді-өзгелерге танытатын да, өскелең ұрпақ екені ақиқат. Кезінде Конституциясын АҚШ жазып берген Жапония, білім алу үшін жастарын шетелге жіберді. Экономикасы мығым, ғылыми технологиялардың озық тұсын зерделеген жапон жастары алған білімдерін өз елінде бөлісіп, кәдеге жаратып, Жапонияны әлемдегі ең мықты елдердің біріне айналдырды.
Әрқашан ізденіп, білім алуға, ғылым үйренуге құлшыныс танытқан біздің жастар да, Елбасы бастамасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемнің түкпір-түкпірінде білім алып жатыр. Нәтижесі де жоқ емес. Бірқатар болашақ түлектері қазіргі таңда ел дамуына үлестерін қосып, қызмет атқаруда.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін,
-деп, Мағжан ақын айтқандай, еліміздің көк байрағын биіктететін де, әлем алдында оны танытатын да – жастар!
Біздің халқымыз адалдық пен әділдікті паш еткен мерейі үстем, ұрпағы ұлағатты жұрт болатыны сөзсіз. Надандықтың емі – білім, тәкаппарлықтың емі – имандылық, яғни, мейірім, бауырмалшылдық. Олай болса, ойымыз түзу, ниетіміз таза болғай!
Түркістан — Қазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы. [4]. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдықтың бас кезінде каланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтан Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты — Ясы. Архео¬логтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7—12 ғасырлар- да Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылы аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғасырдың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басы¬на мазар тұрғызылды. Ол касиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға төуөп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті.
Менің ойымша сурет салу өнері әрбір адамға берілмейді, тек жансызды жандандырып, тілсізге тіл бітіре алатын нзік жанды адамның қолынан ғана бұл өнер келеді.
Әрбір оқушы сабағын жақсы оқып, тек өзіне ғана емес, сонымен қатар, елміздің келешегінің гүлденуіне үлес қосады.
Қазақстанда туризм саласының ішіндегі ең дамығандарының бірі - жаяу туризм және рафтинг.