Тіл – адамдық белгісінің бірі. Тіл өте қажетті, өйткені тіл арқылы бір – бірімізбен әңгімелесе аламыз. Тілсіз мемлекет болмайды. Қазақта тілі жоқ халықты – “тұл” деп атайды. Қазақ тілі – “еліміздің мемлекеттік тілі” екендігі Конституцияда заңдастырылған Біз хабар білсек оны ауызша және жазбаша түрде айтамыз, білдіреміз. Ауызша айтқан өте қажет. Өйткені осылай әдебиет дамыған. Жазба ол ауызшадан да қажет. Өйткені жазу арқылы біз ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан қазақ халқының салт – дәстүрін, тарихын білеміз. Қазақ халқының ақын, жазушылары, шешендері өте көп. Олар қазақ тілінде еркін сөйлейді, өз ойын толық айта алады, өйткені қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілі ана сүтіндей өте қасиетті. Қазіргі жастардың бір қатары ана тілін білмейді, құрметтемейді. Ал кейбіреулері бірінші орынға шет тілдерін қойып қазақ тілі қазағымыздың байлығы екенін білмейді. Сол үшін біз қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміәз керек, басқа ұлттарға үлгі көрсетуіміз керек. Тілсіз білім жоқ, ал білім - өмірдің шырағы. Соған оравй қазақта “Білім кілті - тіл” деген мақал бар. Бұл әдебиетті, ғылым білімді мәдениетті өркендетеді деген ұғым
Дәрігер-қай-қайсымызды болсын қорғайтын Алладан келген жауынгер, оққағар қалқанымы. Нағыз дәрігер қаншама адамның көңіліне шарапат сеуіп, өміріне шипанұр сыйлайды. Адам болып дүниеге келген сәттен бастап оның ең бірінші құқығы-өмір сүру. Құқық деген әрбір сала бойынша заң жүзінде бекітілген. Дәрігердің атап айтатын құқықтарын білгені медицина саласына көптеген жеңілдік береді. Осы құқықтарға сай істелген жұмыста еш уақытта шалалық болмауы тиіс. Қазіргі заман талабына сай дәрігердің барлығы да өзінің құқығы жайлы мәліметті біле жүргені артық болмас еді.
Қыз жібек "қыз жібек" әңгімесі көп заманнан бері ел аузында сақталып, жыр болып айтылып келген әңгіме және ол қазақтың романтикалық ғашықтық жырлары ішіндегі бір көркемі, көлемдісі. жырды ең алғаш зайсан уезінің (осы күнгі шығыс қазақстан облысы) бір белгісіз ақыны жазып алып, 1870 жылдар шамасында қазанда бастырған. бірақ бұл нұсқа біздің қолымызда жоқ. кейінде басылған нұсқасында мынадай сөздер ұшырайды: басында менен жайылды,қисса болып бұл жібек,баспасына қарасам,бәрі шала сөзінің,еңіреп, жылап, жүр жүдеп,қисынсыз болған сөздері,жыламақ түгіл, күлмеймін, - дейді. жырдың осы нұсқасы 1876, 1905, 1909, 1911 жылдары қазанда хұсаиновтар баспасында бірнеше рет басылып шықты. 1925 жылы осы нұсқаны қазақтың ауыз әдебиетін жинаушы әбубәкір диваев ташкентте бастырды. одан кейін 1933 жылы қызылордада, 1939 жылы алматыда "батырлар жыры" жинағына қоса басылды. жібек әңгімесі шын оқиғадан туған, бірақ дәл қай кезде туып жасалғанын кесіп айту қиын. мөлшермен айтқанда, "қыз жібек" әңгімесі xvii ғасырда туғанға ұқсайды. жырда жағалбайлы елінің қонысы қара теңіз жағасы деп келеді. мұнысы каспий (атырау) теңізі болуы керек. сол кездегі шектілердің қонысы ақжайық болған. бұл екеуінің арасы қоныс жағынан шалғай емес. қазақ даласы патшалық россияға қарағанғa шейін жағалбайлы елі ақжайық бойын мекен еткен. осы кезде де жаманқала (орскі), магнитогорск маңында жағалбайлы жұрты аз емес. жібек әңгімесінің заманын білуге жолбасшы болатын тарихи деректің бірі - қалмақтардың ақжайық бойын жайлаған шекті елін жаулап алуы. жырдың екінші саласы осы жаугершілік заманға келіп килігеді. жайық бойындағы аз ру шектілерге торғауыттардың ол кезде, белгілі бір кезеңде үстем болуы рас. жыр геройының бірі - төлеген. төлегеннің өмірін сипаттағанда ақын оның туған күнінен бастап, өлген күніне дейінгі ісін суреттейді. мұнысы жырдың эпос жанрына толық ұқсайтындығын көрсетеді. соның ішіндегі ең басты сарын төлегеннің еркін махаббат, азаттық іздеген талабы болып отырады. жайыққа алғашқы аттанған сапарында артынан жылап келіп, "барма, қал" деп тілек еткен анасы қамқаға төлеген: бір сұлу алмай, шешеке-ау,сірә да көңілім тынар ма.талап қылған ісіненат басын ерлер бұрар ма, - деп, торықтыра жауап береді. қыз жібекке екінші рет жүретін жолында ол артынан жылап келген інісі сансызбайға: батырлық, байлық кімде жоқ,ғашықтық жөні бір басқа, - деп, батырлық пен байлықты мұрат етпей, көбіне сол асыл жар сүюді арман етеді. төлегеннің осы сипатын әсірелеп көрсету үшін ақын түрліше композициялық әдіс қолданады. қыз жібектің көшін қуғанда төлегеннің ғашық жарын көруге асыққан көңілін жыршы оның атының шабуынан байқатады: жер тарпынып жануар,ауыздықты басады.алдындағы белестенорғытып кеп асады. бірақ ор қояндай секіріп, ұшқан құспен жарысып келе жатқан көк жорға аттың жойқын шабысы да төлегенге текірек сияқтанып көрінеді. төлегеннің көш қуған жері - ғашық жүрегінде жанған үміттің аса бір жарқын, бақытты, зейнетті кезеңі. төлегеннің сүйіспеншілік талабына бөгет болған төрт түрлі қара күш кедергі бар. бірінші бөгет шөлстан - алыс жол; екінші бөгет - ата-ананың теріс батасы, тағдырдың теріс қарауы; үшінші бөгет - көмексіздік, жалғыздық; төртінші бөгет - бекежанның жауыздығы.жырда қаратеңіз жағасын жайлаған жағалбайлы елі мен жайық бойын жайлаған шекті елінің арасы жүз күншілік шөл жазира, құс қонбас құла дүз болып сипатталады. сол шөлстанның ең бір жексұрын ұры қарақшы мекен еткен жері - қособа. төлегеннің ең рақымсыз, тілсіз жауының бірі - осы қособа. мұндай табиғат бөгеті қозы мен баянның да түбіне жетеді. мұның үлкен жұмбағы бар. бұрынғы ғашықтардың қай-қайсысын алсақ та, олардың мақсатына жетуі жолында тұрған бөгеттің бір саласы жауыздығына байланысты болса, екінші бір саласы табиғат бөгетіне байланысты айтылады. табиғат бөгетіне жататын нәрселер - аждаһа, жын, сиқыр, өзен, теңіз, алыс жол. "