– Саламатсыз,мен балық сорпасына тапсырыс берейін деп едім...
– Кешірерсіз,бірақ балық сорпасы таусылып қалды.
– Жарайды,онда бір мантының ішінде қаншасы болады?
– Бесеу болады.
– Олай болса бір мантыға тапсырыс беремін.
– Сусыннан не қалайсыз?
– Бір сүтпен шай.Және шайға бір бәліш.
– Жақсы,қазір тапсырысыңызды әкелетін боламыз.
– Жарайды.
– Мінекейіңіз,асыңыз дәмді болсын!
– Рахмет.
2) "Дәріханада" тақырыбында диалог.
– Сәлеметсіз бе?
– Сәлеметсіз,маған нурофен,тамақ ауруына және температура түсіретін дәрі бере аласыз ба?
– Өзіңізге ме?
– Ия,өзіме.
– Олай болса тамақ ауруына сізге Стрепсилс алуға кеңес беремін.Температура және тұмаудың алдын алатын дәрілерден Колдрекс,Тера-Флю,Фервексті тұтынуға болады.
– Маған онда Стрепсилс лимон дәмімен және Колдрекс берсеңіз.
– Жарайды,Нурофен... Стрепсилс,Колдрекс...Барлығы 2520 тг болады.
Ұлы суреткер Әбілхан Қастеевтың қолды болған тағы бірнеше туындысы қайтарылды. «Қайырбекованың портреті», «Социалистік еңбек ерінің үйінде», «Ескі қыстау», «Сарай» атты төрт туындыны қаладағы жеке коллекционерлердің бірі белгісіз біреулерден сатып алып, 150 мың долларға саудаға шығарған. Осылайша, әйгілі қылқалам шеберінің былтыр қолды болған 20 туындысының алтауы табылды. Орталық мемлекеттік мұрағаттан Қастеевтің 20 туындысының түпнұсқасы жоғалып кеткені былтыр анықталған болатын. Қаржы полициясының дерегі бойынша, суреткердің туындылары мұрағаттан 2008 жылы ұрлана бастаған. Қылмыскерлер түпнұсқа туындыларды көшірмемен алмастырып қойған. Былтыр күзде табылған Әбілхан Қастеевтің екі еңбегі мемлекеттік мұрағатқа қайтарылған болатын. Жақында табылған төрт туындыға жүргізілген сараптама барысында олардың шын мәнісінде түпнұсқа екендігі анықталды. Өткен ғасырдың 40-шы жылдары салынған бұл картиналар да мұрағатқа сақтауға беріледі. Аса құнды қылқалам туындыларының жоғалуына байланысты қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда.Жақсылық ЖАҚЫБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСҚА ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БА З ХАТШЫСЫ: - Әбілхан Қастеевтің қызы өзінің әкесінің 110 жылдығына арналған мерейтой өткізу мақсатында оның картиналарынан шағын бейнекино түсірмекші болған. Яғни соны түсіру барысында өзінің әкесінің суреттерінің түпнұсқа емес екендігін анықтаған. Яғни бұлардың орындарын ауыстырып, түпнұсқаларын сатып жіберіп, басқаларын қойған. Сондықтан бұны байқаған азамат бізге шағымданып, аталған мекеме қызметкерлеріне өз жұмысына немқұрайлы қарағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
1. Егер мен суретші болсам. Әлемде әдемі көріністер қанмаша. Оларды тек көзбен көру ұмытылып кететін жағдай. Ал егер де мен суретші болсам, осы көріністері ақ парақ бетіне әдемі етіп салар едім. Табиғат ананың әр бір бояуын канық қылып, әр бір сызығы мен бүрылысын анық қылып салар ма едім? Тіпті әдемі көріністі әлем бұрышынан іздегенше, күннің өзі керемет сурет қой. Күннің батуы. Оның қызғылт-сары түсі көздің жауын алады. Міне суретші болу арманымның мәні осы. 2. Менің ұнататын телебағдарлама. Қазіргі кезде өмірімізді телевизор, ал онда болатын телебағдарламаларсыз тіпті елестете алмаймыз. Әр түрлі телебағдарламалар бар. Мысалы: бірінде ән салып жарысса, бірінде би билеп жатады. Бірі өз басынан өткерген оқиғаны айтса, бірі телесериалдарды көрсетеді. Әр кімнің өзі сүйіп, уақытысымен күтетін телебағдарламасы болады. Менің сүйікті телебағдарламам - " Такси" бағдарламасы. Ән айтып бақтарын сынап, баратын жерлеріне тегін жетіп, ақша да ұтып алады. Қызықтысы ән айта алмайтындар да өздерін сынағаны. 3. Менің болашақ мамандығым. Адамдар армандай біледі. Алдарына мақсат қойып, соған жетуге тырысады. Және де белгілі бір мамандық иесі бола алады. Мысалы мен - дәрігер болғым келеді. Дәрігердің міндеттері өте көп. Бірақ менің жаныма жақын осы сияқты. Адам өмірін сақтап қалу, оған көмектесу, міне осындайға талпынамын. Кішкене сәбиге дүние есігін ашуға қол ұшын беру. Шыр еткен дауысы, анасының, отбасы мүшелерінің қуанышын көру, менің армандарымның үлкен бір бөлігі десе де болады. Әр заттың басқа қыры да болады. Дәрігер болудың да қиын бұрылыстары бар. Бірақ мен нық дайынмын. 4. Менің анам Әлемдегі ең асыл жан, ол - АНА. Көзіңді ашапй тұрып, иісінен-ақ танеисын жан, ол-анамыз. Менің анам асыл жандардың бірі. Маған әрқашан қолдау көрсете біледі. Менің қолдаушым да, қамқоршым. Тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсіріп келеді. Сен кімді суйесін десе, барлығы неше түрлі ойға кетеді. Ал менің ойым анамда. Жақыным менің, асылым менің - алтын анашым. 5. Менің жазғы демалысым. Жазғы демалыс қызығы, қаладағы балалар ауылға, ауылдағы балалар қалаға ағылады. Міне, мен де әжемнің үйіне келдім. Үлкен сая бақ, жеміс-жидек ағаштары, бақтағы сайраған құстар. Керемет! Таңғажайып ертегі секілді. Жан-жануарлардың да түр-түрін көресің. Маған жылқылар қте қатты ұнайды. Оларға қант берген тіпті қызық. Ал үстіне шығып мінсем, өзімді патшайымдай сезінемін. Суға шомылу да бар. Қызық та, керемет жазғы демалыстардың бірі болды.
1) Диалог "Дәмханада":
– Даяшы!Тапсырыс қабылдап кетсеңіз.
– Саламатсыз ба?Неге тапсырыс бересіз?
– Саламатсыз,мен балық сорпасына тапсырыс берейін деп едім...
– Кешірерсіз,бірақ балық сорпасы таусылып қалды.
– Жарайды,онда бір мантының ішінде қаншасы болады?
– Бесеу болады.
– Олай болса бір мантыға тапсырыс беремін.
– Сусыннан не қалайсыз?
– Бір сүтпен шай.Және шайға бір бәліш.
– Жақсы,қазір тапсырысыңызды әкелетін боламыз.
– Жарайды.
– Мінекейіңіз,асыңыз дәмді болсын!
– Рахмет.
2) "Дәріханада" тақырыбында диалог.
– Сәлеметсіз бе?
– Сәлеметсіз,маған нурофен,тамақ ауруына және температура түсіретін дәрі бере аласыз ба?
– Өзіңізге ме?
– Ия,өзіме.
– Олай болса тамақ ауруына сізге Стрепсилс алуға кеңес беремін.Температура және тұмаудың алдын алатын дәрілерден Колдрекс,Тера-Флю,Фервексті тұтынуға болады.
– Маған онда Стрепсилс лимон дәмімен және Колдрекс берсеңіз.
– Жарайды,Нурофен... Стрепсилс,Колдрекс...Барлығы 2520 тг болады.
– Мінеки.
– Саудаңыз үшін рахмет.Сауығып кетіңіз.
– Рахмет.