Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді
Тут не про пение,но очень хорошое сочинение Мен сабақтан бос уақытымда кітап оқимын Маған фантастикалық, таңғажайып және детективтық шытырман оқиғалар өте ұнайды, Үшінші сыныпта анам маған бірінші кітапты сыйлады,ол Жюль Верның шығармалары болатын, Сол кітаптан мен үлкен әсер алдым,Ал кейін, ғылыми-фантастикалық шығармалар оқи бастадым ол Ф. Бэконның ""Жаңа Атлантида' кітабы ,Агата Кристидың детективтері. Детективтік роман оқысаң , шытырман оқиғада детективтер қылмысты істерді ашып,сол қылмыскерді табады,мен сол оқиға мені баурап,сондықтан кітап біткенше дейін оқып тынамын. Өкінішке орай қазіргі жаңа заманауи технология заманында адамдар кітапты оқуды мүлдем ұмытқан.Кітаптың орнының компьютерлер,гаджеттер алған, Кітап-бар білімнің бастауы,. Кітап барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы деп ойлаймын
Қазіргі таңда ғаламтор әр адамға керекті зат. Ғаламторсыз өмур жоқ деп те айтуға болады. Бірақ осы ғаламтордың пайдасы қандай? Біріншіден, әрбір адам үшін ғаламтор керекті мәліметті, кез келген кезде тауып береді. Екіншіден, ғаламторда алыста жүрген танымтарыңмен сөйлесуге болады. Мысалы, скайп, вайберде бір-бірін анық көре алады. Үшіншіден, кез - келген ата- ана баласына ойынды жазып немесе онлайн ойындарды ойнатуына, яғни баланың ой қабілетін үлкейте түседі. Қорытындылай келе менің ойымша осы ғаламтор қазіргі таңда аса бағалы зат. Оның көмегімен біз көп нәрсеге жете аламыз.