Ұшақты сипаттау.
Ұшақ - көгілдір аспан көлігі. Бүгінгі күні ұшақтың бірнеше түрлері бар: алыс қашықтыққа ұшатын, жақын қашықтыққа ұшатын, жолаушылар ұшағы, әскери ұшақ, жүк тасымалдайтын ұшақ т.б.
Ұшақтың басқа көлік түрлерінен айырмашылығы мен артықшылығы - бір жерден екінші жерге өте тез уақыт ішінде жеткізу.
Қазіргі кезде ұшақтар соңғы заманауи техникамен жабдықталып, тіпті адамның басқаруынсыз ұша алады. Дегенмен, бұл құрылғы автоматтандырылған болғандықтан техникада ойламаған ақаулар болуы мүмкін, сондықтан ұшақты ұшқыштармен қатар жерден арнайы білімі бар адамдар қадағалап отырады.
Ұшақты өзіне келер болсақ, ұшақ кімге де болса, құсты елестететіні анық. Ұшақтың ұзын екі қанаты болады. Жалпы ұшақтың құрылысы ұшып - қонуға ыңғайлы, әрі қауіпсіз болып жасалады. Ұшақ қажетті биіктігін алғаннан кейін оның шассилері жиналып, қонар кезде қайта шығарылады.
Ұшақтың іші жолаушыларға ыңғайлы етіп жасалады. Орындықтары жұмсақ, аяққа қажетті жеткілікті орын, дәретхана, теледидар (алыс қашықтыққа ұшатын ұшақтарда), қауіпсіздік белдіктері т.б. болады.
Мен ұшаққа алғаш рет Түркияға барғанымда мінген болатынмын. Ұшақпен саяхаттау бейне бір тылсымға толы болып көрінеді. Болашақта мен де ұшқыш болуды армандаймын.
Хат.
Қымбатты, әжетай! Сәлеметсіз бе? Денсаулығыңыз қалай? Білесіз бе, мен сізді қатты сағындым! Менде бәрі жақсы. Сабағымның бәрі бестік. Сізге барарда міндетті түрде күнделігімді алып келемін, көресіз әлі. Сіз мен үшін дара жансыз. Себебі мен сіздің тәрбиеңізден нәр алдым ғой.
Мені "әжесінің баласы" дейтіндерге ризамын. Деніңіз сау болсын. Аман-есен жүре беріңіз. Сіздің ыстық алақаныңызды аңсап жүрмін. Тезірек жазғы демалыс басталса екен деп жүрмін. Айтпақшы, маған беріп жіберген құртыңыз үшін рақмет! Бұйырса сізге де жетермін..
Немереңіз (сенің есімің/твоё имя).
2. Мен математика пәнінен аздап қиналамын. (У меня небольшие проблем с математикой)
3. Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Бұл тілді білу әрбір қазақстандықтың міндеті. (Казахский язык- государственный язык Казахстана. Знать казахский язык - долг каждого казахстанца. )
4. Ағылшын тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім оқушыларды қызықтыра біледі және көптеген мәліметтер балаларға түсінікті етіп жеткізеді. (Уроки английского языка всегда проходят интересно. Учительница хорошо объясняет тему . )