Мен Қазақстан деген кең байтақ елде тұрамын. Менің елімнің жері кең, тынысы мол, жандарының көңілдері жайдары . Өзім қазақ болып жаралғаныма қуанамын, өйткені менің елімнің тарихы, салт –дәстүрі, әдет –ғұрпы өте бай. Мектепте қазақ әдебиеті пәнін оқығанда ,өз ұлтымның қыры мен сырын жете танисың.Мектеп ішінде қазақ тілі мен қатар орыс тілін де оқимыз. Бұл тілді біз басқа мемлекеттің балалары сияқты шетел тілі деп алмаймыз, ол біздің екінші тіліміз сияқты. Менің Қазақстанымда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз әрұлтты мемлекетпіз. Елімізде тұратын ұлттардың өз асссамблеясы бар екенін бізге мұғалім түсіндіріп кетті. Біздің қазақ ұлтының құқықтық правосы заңмен қалай сақталса, басқа ұлттардың да праволары солай қорғалады. Мәртебесі көкке жеткен еліміз көптеген жетістікке жетті. Жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Бір шаңырақтың астында қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, белорус, кәріс татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Көп ғасырлар бойы олар бір - бірінің салт - дәстүрін құрметтеп, жерімізді бөлісіп отыр. Қазақта «Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар.
Отан отбасынан басталады.
Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам өмірінің тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.
Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!