Менің отбасым туралы диалог.
- Алмагүл, осы сенің отбасың үлкен бе?
- Ия, Сәуле. Менің отбасым үлкен. Біздің үйде жеті адам тұрамыз: атам мен әжем, ата - анам, ағам, қарындасым және мен.
- Қандай тамаша!
- Ия, менің ойымша, үйде әсіресе үлкен адамның болғаны жақсы. Қазақ халқында бұл жайында керемет сөздер бар ғой: «Үлкені бар үйдің қазынасы бар деген».
- Дұрыс айтасың, мен де бұл оймен толықтай келісемін.
- Атам мен әжем бізге үнемі өсиеттері мен ақылдарын айтып, бізді дұрыс жолға салып, мейірімді, бауырмал болуға тәрбиелеп отырады.
- Не деген керемет көрініс! Мұндай үлкен отбасында өзіндік ережелері мен салт - дәстүрлері де бар шығар?
- Ия, әрине, бар. Мысалға, ережелерге келер болсақ, біз әрдайым бір - бірімізге кез келген шаруада көмектесеміз, үлкендердің айтқанын екі етпей орындаймыз. Ал отбасылық дәстүрлеріміз өте көп. Соның ішінде маған ең ұнайтыны - ол демалыс күнгі отбасылық ас: анам міндетті түрде ұдттық тағам бесбармақ пісіреді, ал әжем болса, дәмді бауырсақтарын әзірлейді. Ал біз бауырларымызбен қосылып үй жинастырып, келер аптаның сабағын оқимыз. Осы демалыста сен біздің үйге қонаққа кел, мен сені өз отбасыммен таныстырайын.
- Шақыруыңа көп рахмет, міндетті түрде келемін.
Достық туралы
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Еліміздің асқақ ақыны, патриоты, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың:
«Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар!»
деген жолдарынан достықты қандай дәрежеде бағалағаны сезіледі.
Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Халықымыз достық қарым – қатынасты ерекше бағалаған, бұған дәлел ретінде бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады. Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”.