Түркістан өзінің ғасырлар бойғы тарихында өзінің қайталанбас келбетін сақтап, өзіндік сипатын қалыптастырып, тағдырын айқындады. Бұл ежелгі қала өзінің даму кезеңінде әрдайым к ты және көптілді болды. Ол өркендеу, құлдырау және қайта туылу кезеңдерін бастан кешірді. Тарихи тұрғыдан алғанда Түркістан халқы көпұлтты, бірақ оның көп бөлігі мәдениеттің, тіл мен діннің бірлігі біріктірілген түркітілдес халықтардан тұрады - қазақтар, қырғыздар, өзбектер, түрікмендер, тәжіктер.
Бүгінгі таңда Орта Азия мұсылмандары Түркістанды екінші Мекке деп атады. Ислам дінін ұстанушылар үшін бұл қасиетті қалаға үш рет бару Мекке қажылығымен пара-пар. Қаланың басты көрікті жері - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуі маңызды.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.