Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы.
Объяснение:
Босаға — үй есігінің екі жақтауы. Киіз үйдің де, басқа үйлердің де босағалары бұрын ағаштан жасалып, қолдан құрастырылған. Қазіргі кезде Босаға есікпен бірге зауытта ағаштан, металдан, темір-бетоннан әзірленеді. Қазақтар Босағаны қасиетті санаған. “Босағаны керме” (немесе Босағаға керілме) деген тыйым осыдан туған.
Төр – жасы үлкен адамдар, сыйлы қонақтар отырғызылатын қастерлі орын. Қазақ үйге кірген мейманды “төрлетіңіз”, “төрге шығыңыз” деп қарсы алады. Көрпе төсеп, жастық қойып, төрге отырғызып құрмет көрсетеді. “Есіктен кіріп, төр менікі деме”, “Төрдегі күлсе, есіктегі жымияды” деген мақал-мәтелдер төрдің мән-мағынасын айқын аңғартады. Төр көне түркі тілінен шыққан.
-Сəлем Əлия
- Сəлем Мəдина
- қалай Наурыз мейрамы өтті? Наурыз мейрамы ұнады ма?
- Ия ұнады. Онда тәтті ұлттық тағамдар.Жəне ең бастысы бесбармақ болды.
- Және онда айтып тұр ғой Қыдыр ата келді деп.
- Ия сол жерінде өте қызық болды.
- Ия жарайды. Саубол!
- Саубол!