ответ:Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
Метафораны сөз өнері (поэтика, риторика), эстетика, логика, философия, тіл (стилистика, лексикология, психолингвистика) ғылымдары зерттейді. “Метафора табиғатында жұмбақтылық бар” (Аристотель). Сөз өнерінде метафораның символикалық, эмоционалдық ерекше мәні бар. Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі” деген Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, т.б. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады:
“Қолына алып шашақты сан мың найза, Жауынгер күн келеді жалаулатып”
“Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?” (М.Мақатаев).
Ол мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздерде жиі кездеседі. Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақындайды. Мысалы, тас жүрек. Бірақ онда теңеудегідей екі нәрсені салыстырудан гөрі сезім, әсер жақындығын көрсету басым. Көбіне ондай екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісі емеурінмен білдіріледі.
“Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей, Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей” (Мағжан).
Мұнда ақынды желмен, отпен жәй ғана салыстырып қоймай, соған балап айту бар. Метафора тілді байытуға қызмет етеді, синонимдерді, көпмағыналықты, терминдік жүйені және эмоциональды-экспрессивті лексиканы дамытады. Мысалы: билік тізгіні, ғасыр перзенті, көңіл көкжиегі, жан айғайы, жер кіндігі, үміт жібі, т.б. Тілдегі қолданыс аясына қарай жеке қолданыстағы метафора және тұрақты метафора болып бөлінеді. Әдебиеттегі ізденістер нәтижесінде “метафоралық роман” деген соны термин қалыптасып келеді.[1][2][3]
Метафора әрдайым ауыспалы мағынада жұмсалады. Соның өзінде кемінде екі мағына болуы мүмкін. Сонысына байланысты метафора екі түрлі қызмет атқарады: белгілі бір затқа, құбылысқа немесе адамға сипаттама беру және сол заттың, құбылыстың немесе адамның атын атау (номинация). Бірінші жағдайда метафора сөйлем ішінде баяндауыш болады да (Сен қасқыр екенсің), екінші жағдайда бастауыш немесе толықтауыш болады (Қасқыр қайда кеткен? Ол қасқырмен көп байланыса берме). Сөйлеу практикасында қалыптасып қалған аң атаулары ғана (аю, түлкі, қоян, доңыз, қой, ит т. б.) ғана емес, метафора қызметінде адам болмысындағы, қызметіндегі әр алуан жайлар алына береді (бастық, чиновник, ғұлама, әкім т. б.). Мундай жайлар, сөйлеу жағдайында анық байқалып отырады; (Мынауың дайын тұрған ғұлама ғой! - Өзір ғұламалық ертерек шығар, бірақ түбінде болып қалатын да сыңайы бар).
Объяснение:
Абай - даналықтың бастауы.
Жоспар.
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Абай - біртуар дара тұлға.
2. Абайдың шығармашылығы.
Қорытынды.
Абай Құнанбаев осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руынын ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі — Құнанбай, атасы — Өскембай, арғы атасы — Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар.
Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.