М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Сач16
Сач16
26.10.2022 02:02 •  Қазақ тiлi

Мне нужно сочинить сочинение про полезную и вредную пищу минимум 6 предложений

👇
Ответ:
sokolovan061
sokolovan061
26.10.2022

Пайдалы және зиянды тағамдар.

Уақыт пен заман ағымына қарай, бүгінгі күні қоғамымызда «фастфуд», яғни жылдам даярланатын тағамдар аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр. Менің ойымша, оның бірден - бір себебі: бүгінгі күні адамдар материалдық құндылықтарды жоғары бағалағаннан кейін және «уақыт - ақша» деген түсінік қоғамда етек жайғаннан бері, сол уақытты үнемдеу мақсатында фастфуд өте үлкен танымалдыққа ие болып отыр деп есептеймін.

Ғалымдардың ойынша, мұндай жылдам даярланатын тағам адам ағзасына кері әсерін тигізіп, тіпті кейбір аурулардың себепшісі де болып жатады. Ең басты зияны – ол асқазанға тигізетін кері әсері. Сонымен қатар, бұл тағамдар әуестік туғызады. Ал үнемі біркелкі тамақтану – ол да зиян.

Денсаулық мамандарының айтуынша, жылдам даярланатын тағам құрамында майлар мен консерванттар өте. Сонымен қатар, бұл тағамдарды дайындау барысында маргарин өте көп қолданылды, ал оның құрамында трансмайлар көп, ол да адам ағзасына зиян келтіреді. Және де фастфуд әзірлеушілер оның құрамына арнайы дәмін күшейтетін арнайы дәмдеуіштер қосып, осының салдарынан адамдарда тәуелділік пайда болады.

Сондықтан, менің кеңесім: мұндай тағамдардан шама келгенше бас тартып, дұрыс тамақтанып, өз денсаулығымызды сақтайық! Ол үшін төмендегі кеңестерге құлақ ассаңыз, болғаны:

1. Тағамға көбіне көкөністерді пайдаланған абзал.

2. Иммунитетті көтеру үшін кебектен, витаминді – минералды кешенмен байытылған ұннан жасалған нан, қырыққабат, сәбіз, аскөк және қызылшаны көбірек пайдаланған жақсы.

3. Сонымен қатар ұйқыға үш – төрт сағат қалғанға дейін тамақтанып алған дұрыс.

4. Дұрыс тамақтану туралы дәрігерлер мен кәсіби диетологтардың кеңесін тыңдаған жөн.

4,6(22 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Lexakek111
Lexakek111
26.10.2022

Менің ойымша мәңгілік елді сақтап қалу үшін жастрадың патриоттық сезімін ояту керек.Және осы бағытқа көңіл бөліп,мемлекет түрлі байқаулар ұйымдастыруы тиіс.Және осы тұста бір идея ұсынсам деймін:қазіргі таңда ең танымал дүние ол фильм және сериалдар,осы бағытқы көңіл бөліп патриотттық сезімді оятатын фильмдер түсірілсе адамдарға көбірек әсер ететін еді.Тіпті өте жоғары деңгейде сериал түсірілсе,Нетфликске сатып әлемдік деңгейде таратуға болады.

Және индустрия мен бизнес саласындада патриотизмге көңіл бөлу қажет.Мысалы,қазіргі таңда қолданыстағы қазак-репаблик киім дүкені өте үлкен сұранысқа ие брендке айналған.Осы сияқты патриоттық рухты оятатын өнімдер көбірек өндірілуі керек деп ойлаймын.Тек бұл ғана емес жалпы жастар арасында сұраныстан қалмайтын музыка әлемінеде патриотизм енгізілсе жастар жүрегіндегі патриотизмді оятуға үлкен септігін тигізеді деп білемін.

4,8(72 оценок)
Ответ:
sbornyakovap08xiv
sbornyakovap08xiv
26.10.2022

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі - Мәнсия) - 1922 жылы Орал облысы Орда ауданында туып, 1943 жылы қазанның 16-ы күні майданда қаза тапты. Қаһарман қазақ қызы - Кеңес Одағының Батыры (1944). Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен Мәнсияның тілі келмей озін Мәншүк деп кеткен. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә.Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медициналық институтында оқып жүрген. 1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstandyk-batyrlar-manshuk-mametova_a2651402

4,4(72 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ