М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Dimas1694
Dimas1694
07.03.2021 11:10 •  Қазақ тiлi

Сочинение о дне рождении друга на казахском языке

👇
Ответ:
arkasha27
arkasha27
07.03.2021
Сәби күніңізде туған күніңізді қалай сарылып күтетініңізді бір сәт еске түсіріп көріңізші... Не киемін? Кімді шақырамын? Қандай сыйлық алады екенмін? Шіркін, тәттілерге әбден тоятын болдым-ау! Санамызды осы сынды небір ғажап ойлар билеп алушы еді ғой... Айлар өтеді, жылдар өтеді. Біріміз бой жетеміз, енді біріміз ер жетеміз. Неге екені белгісіз, бала күндегі сол бірі қобалжу толы тәтті сезімдер де, балалық қуаныш та жоғалып кетеді екен.Жә, жарар, көңіл-күйді түсіріп қайтеміз!? Одан да туған күннің тарихы, дәстүрлері, ырым-тыйымдары туралы әңгіме қозғап, ой дамытайық. Сіздің туған күніңізді атап өтер күн алыс емес шығар...Тарих және туған күнТуған күнді тойлау дәстүрінің  қашан және қалай пайда болғандығы туралы нақты деректер жоқ. Десе де, есте жоқ ерте замандардан бері а жыл сайын адамның өмір есігін ашқан сағатында оны айналшықтап жүретін теріс күштер болады, олар адамаға жан-жақтан қарғыс айтады деп сенген. Және сол қарғысты қайтаратын тірі адамдардың ақ тілегі деп тапқан да, осы күні дастархан жайып, өзінің ет жақындарын жинап ыстық ықыласты баталарды тыңдайтын болыпты. Ал туған күннің ең басты дәстүрі – туған күн иесіне сыйлық беру – інжіл заманынан бері келе жатыр.
Тағы бір дәстүр – туған күн қарсаңында болатын түс. Иә, кәдімгі түс! Бұл түс – бір жылғы өміріңіздің көрінісі болуы әбден мүмкін. Түс сізге бағдаршы және қателіктерден қорғаушы, өзгерістерге дайындаушы болуы да ғажап емес. Сондықтан, түсіңізге мән беріп, бұлыңғыр түс болса, анықтауға, талқылауға тырысыңыз. Адамдар көбіне марқұм болып кеткен жақындарын көріп жатады. Олардың түсіңізде айтқан сөздеріне де құлақ түріңіз.
Қырық жас және туған күнҚырық жастың төңірегінде алып-қашпа әңгімелер көп. Мәселен, біздің қазекеңдер қырық жасты қайтыс болған кісінің қырқымен байланыстырып, атап өтуге тыйым салып жатады. Қырыққа толған туған күнін атап өткен жағдайда, бәле-жалаға ұрыну қаупі бар деп сенген. Алайда «дәстүр не демейді, ешек не жемейді» дейтіндер қырық жасты дүбірлетіп жасап шығып-ақ бақытты өмір кешіп жатыр. 
4,6(42 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
mvsigatova
mvsigatova
07.03.2021
 
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.
Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
4,8(48 оценок)
Ответ:
nastyarudckina
nastyarudckina
07.03.2021
«Отан отбасынан басталады» десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел адам. Ұлттың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі – соңында келіп әйелге, келешек Ана болар қыздардың қалай тәрбиеленетініне байланысты болмақ.

Заттай байлықтың құны өршіп тұрған бұл кезеңде руханият аяқ асты қалмауға тиіс. Адам тек тәнімен ғана адам болып тұрмағанын жақсы сезінуіміз – бүгінгі күннің өткір мәселесі. Біз рухымыз биік болғанда ғана Адам деген асыл есімге кір жуытпай қала аламыз. Діні мен Ділі берік ел –  алынбас қамал. Ал оның болашағы жастардың қолында. Сондықтан басқа елдердің өркениеттік жетістігі деп бағаланған арзанқол мәдениет үлгісі ата салт-дәстүріміздің тұнығын лайлатпасын десек, жастарымызға, әсіресе қыздарымызға дұрыс тәрбие беру – бәріміздің ортақ парызымыз. Өйткені кім-кімде болашақ әке, аға, әпке немесе ана.

Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамында бөлінген орнымен салыстыруға келмейді. Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның болашақтағы Ел анасы боларына кәміл сенген. Қазақ қыздары даланың ерке елігіндей бұлаңдап өскен
4,5(34 оценок)
Это интересно:
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ