М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
AsiyaEkb
AsiyaEkb
23.06.2020 01:17 •  Қазақ тiлi

Түсіндірме сөздік 10 сөз терп жазып мағынасын талдау

👇
Ответ:
uchenik91
uchenik91
23.06.2020

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен сөздерді теріп, жазу.

БАСАЛҚАЛЫҚ  - зат есім. Ақыл-кеңес берушілік. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-т. 123-бет.        

ШАРЫҚ  - зат есім. Теріден, тал қабығынан жəне т.б. арзан заттан лекерлеп  

жасалған аяқкиім, шəркей.  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т. 159-бет.      

ОМБЫЛА  - етістік. Қарға белуардан батып, малтығу. Қазақ тілінің  түсіндірме сөздігі. 7-т.  422-бет.          

МӨНТЕҢ:   мөнтең қақты. Безек қақты, безілдеді. Қазақ тілінің  түсіндірме сөздігі. 7-т. 238-бет.  

ТАБАЛА  - етістік. Біреудің сəтсіздігіне қуану; өзіне сол керек деу. Қазақ  тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т.  520-бет.      

ҚҰЙЫРШЫҚ  - зат есім. 1. Құйымшақтың сүйірленіп келген ұш жағы. 2.  Ауыс. Біреудің қолшоқпары, сойылын соғушысы; жағымпаз.  Қазақ тілінің  түсіндірме сөздігі. 6-т.  448-бет.        

ҚИҚАЛАҚТАП  -  етістік. Қиқаң-қиқаң ету, қиқаңдау, қиқалаңдау. Қазақ  тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т. 191-бет.      

КҮДЕР:   күдер үзді. Орындауға болмасына көзі жетті, үмітін үзді, түңілді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 5-т. 259-бет.  

КЕСІР  - зат есім. Зиян, залал, зардап. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 5-т.  4-бет.  

ТӨЛЕҢГІТ  - зат есім. көне. Төренің күтушісі, малшы-жалшы қызметшісі.  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т. 232-бет.  

4,7(59 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
настя7585
настя7585
23.06.2020
Мен және менің мамандығым 
Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу- үлкен өнер. 
З. Фрейд 
«Армансыз адам- қанатсыз құспен тең» -дегендей, оқушылар мектеп бітірген соң, өзі армандаған бір мамандықтың иесі болады. Жас жеткіншектер мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым – мақтанышым»- дей отыра, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білу керек. Мамандық- жай күнелту, ақша табу емес. Әр адам өз мамандығына рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді. Адам атақ-абыройға кенеледі. Кез келген адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді. «Ұялмаған әнші болады; Ерінбеген етікші болады»,- деген халқымыздың даналық сөзі бар. Тіпті етікші болсаң да, өз ісіңнің шебері бол.
Міне, осынау ХХІ ғасыр дәуірінде қым-қуыт, адамы мен заманы көптеген өзгерістерге тап болған кезеңде психолог мамандығы қажет.Мектеп психологы, ең алдымен адамның ішкі жан дүниесін зерттейтін маман. Сол ортаға жақсы ахуал туғызып, күйзеліске ұшыраған адамдарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, жол көрсету. Психолог адамның сырласы, адам жанының елшісі. 
Ата –баба дәстүрінен бастау алған жан-жарастығы мен жайсандығын әрі қарай жалғастыру, жас ұрпақ санасына қалыптастыру үшін ақын Шәкәрім сөзімен айтсақ, ар ғылымы мен ішкі жан сыры іліміне ерекше көңіл бөлінуі керек. Мектеп ұжымдарының зор табыстарға жетіп, береке бірліктерінің мықты болуына, оқушыларының сапалы білім алып, саналы тәрбиеде болуына мектеп психологтарының үлесі бар деп есептейміз. Еліміз егемендік алғаннан бері оқу тәрбие саласында көптеген өзгерістер енгізілді. Солардың бірі – өсіп келе жатқан жас ұрпақтарға дұрыс негіздерін беру және олардың психологиялық тұрғыда қалыптасу мәселесі де көрнекті орында тұр. Әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып, ғылыми, рухани мұраларды игерген, шығармашылық ой-өрісі бар, компютерлік сауаттылығы мен ақпараттың мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі. 
Халқымыз қашаннан еркіндікті аңсаған, ой еркіндігі бар, адал, арлы халық. «Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын, дұшпан сөзі басымнан асып кетсе сен түгіл ханыңа да бас ұрмаймын» деген. Осында ұлт болашағы – балаларын да отбасында адалдыққа, еңбексүйгіштікке, батырлыққа, бауырмалдылыққа, береке , бірлікке тәрбиелеген, «баланы жастан» деген даналық сөзі бар. 
«Балаларға оқу-білім берілсін. Сонымен қатар сұлу мінез, әртүрлі өнермен өрілсін»,- деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін ұстайтын азаматтарды тәрбиелеуде ғасырлар бойы пайдаланып келе жатқан халықтың салт-дәстүр мен ұлттық тәрбие бүгінгі күнде де оқу - тәрбие саласында тиімді қолданылуда. Елбасымыз Назарбаев : «Рухы биік халықтың іргесі де берік, әлеуметі де қуатты , ынтымағы жарасты болады деп есептеймін. Өйткені ұлт тәрбиесі ұлттық рухпен тікелей байланысты екені хақ»,- деген. 
Ерте замандарда халқымыз балаларын дәстүр бойынша дуалы ауыз би шешендер мен көсемдердің, даналардың қасына отырғызып, сөздерін тыңдатқан. Бұл дана адамдардың жақсы қасиеттері жұғысты болсын деген ниеттен туған. Қазіргі таңда жас жеткіншектерге ұлттық тәлім берудің этнопсихологияның маңызы зор. 
Халық ауыз әдебиеті этнопсихологиямен өте тығыз байланыста. Дана Абай, ақындар Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан, т.б. шығармаларынан байқауға болады. Әсіресе, Абайдың өлеңдеріндегі, қара сөздеріндегі даналық, қанатты сөздерді көп қолданылады. Мысалы, Абай психолог ақын ретінде қазіргі түсінік бойынша, жан деп адамның рухани күшін айтқан. Адамның білсем, үйренсем деген ой, сезім, тілек мүдделерін өсіру қажет, сол жолда қажымай, талмай еңбек ету керектігін түсіндіреді. 

Бүгінгі біздің қоғамда жаһандану үрдісімен келген қиыншылықтар көбейіп жатыр. Көгілдір экранды жаулап шетелдік фильмдер, түрлі діни бірлестіктер шетелдік арзанқол музыкасы т.б. жастарымызды улап жатқаны жасырын емес. 
4,8(2 оценок)
Ответ:
Қазіргі өмір өте тез жүреді, адамдар көбінесе тамақтануға уақыт жетіспейді. Және, әрине, олар тамақ дайындауға аз уақыт алады. Көптеген адамдар тез тамақтану бұл жағдайда жақсы шешім деп санайды. Сондықтан тез тамақтану желілері соншалықты танымал болды. Олар әдетте құрамында француздық картоп, гамбургер, сэндвич, салаттар, сүт тағамдары, торттар және т.б. бар қарапайым мәзір береді. Мүмкін, Fast Food мейрамханаларының ең танымал желісі - McDonald's. Бұл орын балалар мен ересектер арасында өте танымал. Адамдар алдын-ала дайындалған және тез қызмет ететін тамақ сияқты. Дегенмен, дүниежүзіндегі дәрігерлер тез тамақтанатын зиянды азық-түлікті қарастырады. Олар тез тамақта көп мөлшерде калория, көп мөлшерде май және өте аз дәрумендер бар деп айтады. Сондай-ақ, жылдам тамақтанатын күнделікті қолдану артық салмақ пен асқазанға әкеледі. Бақытымызға орай, бүгінгі күні адамдар өз денсаулығы туралы көбірек ойлайды және олар үлкен мөлшерде тез тамақтану қауіпті болуы мүмкін екенін түсінеді. Фаст-фуд мәселесі бойынша әрқашан көп пікір бар. Кейбіреулер бұл мүлдем жаман емес дейді. Әдетте бұл адамдар жұмыс күндері көп жұмыс істейді, ал тез тамақтану кешкі асқа жақсы идея. Балалар сонымен қатар тез тамақ тізбегін жақсы көретіндерге де қатысты. Олар әсіресе ойыншықтарды азық-түлікпен қабылдағысы келеді. McDonald's осы стратегияны қолданатын алғашқы мейрамхана болды. Басқалары тез тамақтанудан аулақ, себебі бұл келесідей денсаулыққа әкелуі мүмкін: жоғары қан қысымы, жүрек ауруы және семіздік. Қорытындылай келе, менде әркімнің таңдау бар екенін айтқым келеді. Мен жаңа піскен жемістер мен көкөністерді таңдаймын. Мен жылдам тағам мейрамханасында болғанымда, мен салат пен апельсин шырынын тапсырыс беремін.
4,6(49 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ