Керекті азық – түлік: қой немесе сиыр еті (мөлшермен 300 гр.), 2 орташа сәбіз, 2 орташа пияз (жуа), 2 кесе (пиала) күріш, 4 – 5 ас қасық сұйық май, татымына қарай тұз. Үстіне қалауыңыз бойынша аскөк немесе көк жуа турап, салуға болады.
Ең алдымен қазанға майды құйып қыздырып, май қызғаннан кейін ортасынан жұқалап туралған пиязды салып қуырамыз. Пияз қуырылғанша, сәбізді ұзыншалап турап, пиязбен қосып қуырамыз. Одан кейін орташа кесектеліп туралған етті қосып барлығын жақсылап 10 – 15 минут шамасында қуырып аламыз. Барлығы қуырылып болған соң үстінен бір кеседей қайнаған су құйып, татымына қарай тұз салыпбір қайнатып аламыз. Қайнағаннан кейін алдын ала жуылған күрішті салып, үстінен күріш батып тұратындай су құйып (шамамен 2 – 2,5 кесе), қатты отты қосып қайнатамыз. Қайнаған соң астын басып, ақырын жай отта 35 минут шамасында бетін жауып, араластырмай, пісіреміз.
Палауымыз дайын болғанда үлкендеу ыдысқа салып, үстінен аскөк не болмаса көк жуаны майдалап тураймыз.
Палау Орта Азияда ең танымал тағам болып саналады. Және оның дайындау тәсілдері де әр түрлі. Әр аспаздың палау әзірлеуде өзіндік құпиялары болады. Мен біздің үйде дайындалатын палаудың рецептін жаздым.
Мен үшін анамның әзірлеген палауы – ең дәмді. Әдетте анам палауды қой етімен дайындап, оған сәбіз бен жуа турап, тұздан басқа ешқандай дәмдеуіштер қоспайды.
Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген.Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді.Әсіресе зергерлік бұйымдар әйел адам үшін керек.Ол әйел адамның көркіні ашады.
Зергерлік бұйымдар. Ертеде зергерлік бұйымдарды қолдан жасайтын зергерлер болған. Қазіргі зергерлік бұйымдар,басқа да түрлі әшекейлер арнаулы орындарда жасалады. Зергерлік бұйымдардың түрлері сан-алуан. Зергерлік бұйымдар қымбат металдардан жасалады. Оларды әшекейлеуге қымбат тастар қолданылады. Таза металдардан жасалған зергерлік бұйымдар өте қымбат болады. Және олар асыл тастармен өрнектелген болса одан да бағасы артады. Бұндай бұйымдар отбасы мұрасы болып ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ондай қымбат заттарға көп адамдардың қолы жете бермейді. Негізінде, зергерлік бұйымдар әсемдік үшін қолданылады. Олар жоқ болса да өмір өзгермейді, өзгедегі әшекейлерді, қымбат, әсем зергерлік бұйымдарды көріп, өзіңде жоқ болғанға өкініп қажеті жоқ. Өмірдің мәні онда емес, оларсыз да бақытты өмір сүруге болады.
Палау пісіру