М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
da0ri0da0
da0ri0da0
22.02.2023 21:23 •  Қазақ тiлi

Пож. 1. комитеті, суретшілер, одагынінің, ұйымдастыру, құрылды, республика, 1933 жылы. 2. 1934 жылы, ашылды, алматында, галереясы, қазак мемлекеттік көркемсурет. 3. кейінгі жылдарда, 2- дүниежүзілік соғыстан, барлық түрі, қазақ бейнелеу өнерінің, ілгері, , кескіндеме, мүсіндеме, графика. 4 қазақстан, суретшілерінің, еңбектері, үздік , ұлт өнерінің қазынасына, болып қосылды, асыл мұра.

👇
Ответ:
mashacolobowa2
mashacolobowa2
22.02.2023
1933 жылы республика Суретшілеродағының ұйымдастыру комитеті құрылды. Алматыда Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясы 1934 жылы ашылды 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда Қазақ Бейнелеу Өнерінің барлық түрі: кескіндеме, мүсіндеме, графика ілгері дамыды Қазақстан суретшілерінің үздік еңбектеріұлт өнерінің қазынасына асыл мұра болып қосылды.
4,8(51 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Zangerange
Zangerange
22.02.2023
Ңжер-анаға деген ықыласы ерекше. топырақтан жаралған болмысымыздан ба әлде аталарымыздың жер үшін аянбай күресе білгендігінен бе, білмеймін, қазақ үшін жер мен ел ұғымы егіз. әлем картасында жерінің үлкендігі жағынан тоғызыншы орынды иемдеген отанымыз бар. алайда басында баспанасы мен өзіне тиесілі бір телім жері жоқ қандастарымыздың толып жүргенін қалай түсіндіреміз? өзінің меншікті жері жоқ , ерім деп еркелетпеген еліне қорған бола ала ма? әр жерде иесі бар деп қоршалып, қорғалған, бірақ бір түп ағаш егілмей, бір лашық салынбай созылып жатқан жерлер бар. ол жерлерді өзі алмай, өзгеге де бермейтіндердің не ойлағаны бар? жер күтіп, баптағанды, топырағын шаң қылып бүлдіршіндердің жүгіргенін, әйтеуір тірі ға қалқан болуды қалайды. ал қоқысқа толып, тынысы тарылған, егілмей жетімге айналған жер де ауа жұта алмай қиналған бірдей. бірде бір қоқысқа толып, әбден азып-тозған жерін сатуды жөн көреді. сатып алушы жерді қоқыстан тазалап жүріп, бұлақтың көзін тауып алады. әртүрлі жүзім, анар, алма ағаштарын егіп, басына үй салады. уақыт өте   сол маңнан жердің бұрынғы иесі өтіп бара жатып, жайқалған бақты көріп, мен қандай жерден айырылып қалғанмын деп өкініпті - дейді аңыздарда. жер баптағанға, күте білгенге азық, бағалай білгенге баспана, аялай білгенге сая бола алады. бірақ оның қадірін түсіне білу үшін де жерге жете алмай тіршілігі мұңға айналған бауырларымыздың күйін бастан өткізу керек пе? бізге жер беріңдер деп ашынған қазақтардың жанайқайы жылда естілетін жырға айналып барады. кезінде «шаңырақ», «бақай» деп бір дүрліккен қазақтың жылауы неге қайталана береді? еңбекпен тапсын, жерді сатып алсын дейді біреулер. ал біреулер неге өз ауылында отырмайды, қалада нелері бар деп сөгері анық. мүмкін біреулер ауылдағы жеріне егін ексін, соны өсіріп, азық қылсын деп ақыл айтар. бірақ кімнің жақсы өмір сүргісі келмейді дейсін. қала маңына шоғырланып жинала бастаған жандардың болашағым- қалада оқысын, тіршілік жасап, отбасымды асырайын деп ниеттенгендері анық. кеше ғана жер беріңдер деп бейбіт мақсатта жиылған топтың өз бауырымыз, өз қандастарымыз екенін естен шығармайық. қалай десек те бұл мәселені шешудің жолдарын іздеу керек. өз елім өзекке теппес деп шырылдаған олардың жанайқайын бүгін естімесек, ертең ар алдында да, алла алдында да жауап беретінімізді ұмытпаған жөн шығар.
4,6(91 оценок)
Ответ:
ramn
ramn
22.02.2023

Объяснение:

Тіршілік заңдылығы бойынша, жарық дүниеге келген әрбір адам өмірге өз парызымен келеді. Ол өмір сүру, шама-шарқынша қоғам дамуына ықпал ету, генетикалық тұрғыдан адамзат қоғамының тектік қорына үлес қосу. Мақала кейіпкері, менің әжем Мәриамкүл Болатайқызы бір әулеттің ынтымақ-бірлігін уысында ұстаған, ауылдың ырыс-берекесіне мұрындық болған, балаларын ел азаматы деңгейіне жеткізіп, өрелі немере-шөбере, шөпшек өрбіткен асыл ана. Аналық парызы өз алдына, әке орнына әке бола білген «тәубесінен жаңылмай, тәуекелінен тайынбай» бір әулеттің көшін өрге тартқан қажырлы жан. Мәриамкүл әжемнің жеті баласынан тараған ұрпақтары бұл күнде қара ормандай қалың бір қауым елге айналған. 

«Көзден кетсе, көңілден болады ұмыт» дегендей, толассыз тіршілік күйбеңімен уақыттың зулап өткенін байқамай да қаласың. Дегенмен, көңілде мықтап сақталатын аяулы жандар да бар екенін мойындау керек. Сондай жандардың бірі – менің әжем Мәриамкүл Болатай қажы қызы. Әжемізді бүкіл әулет, тұтастай ауыл, әкеміз де «апа» деп атаушы еді. Жарқын жүзінен шуақ шашылған, жүрегі махаббат пен шапағаттан жаралған апам марқұм ақ батасымен, шын пейілімен ұрпағының тілеуін тілеп, айналасын мейіріммен нұрландырып отыратын. Арайлап атқан таңмен жарыса тұрып, Алладан ұрпағының амандығын тілеп, ырызғысын сұрап жалбарынатын, күндіз дастарқанға берген ықыласында да алақан жайып Алладан ұрпағының амандығын, несібесін тілеп, жатарда да осы тілегін қайталап айтып, мінәжат етіп жүретін.

Әжем – табиғатынан жан дүниесі мен келбеті үйлесім тапқан ажарлы, бітімі бөлек, ойы зерек, талғамы терең зиялы жан еді. Табиғат заңдылығы бойынша күллі тіршілік иесі ұрпақ өрбіту, оны баулып өсіру, тәрбие беру тәсілдерін тектік деңгейде жадында ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз ететіні белгілі жайт. Тек арқылы берілген тәрбие адам дамуының өзекті мәселесі, басқа тәрбиелердің ықпалын қабылдау тектілік тегеуріне тікелей байланыс­ты. Тектілік ұялаған әулетте бойжеткен апам жеті атасынан қаракөк үзілмеген отбасына келін болып түсті. Жаратқанның маңдайға жазған сыйы болар. Намазын қаза қылмаған әжем, Аллаға мінәжат жасап, тынымсыз тірлігімен отбасы ырысын қамдап, ауылдың берекесін байырқалатты. Алладан мейір, ағайын-туыстан пейіл сұрап, ұрпағының тілеушісі болды. Әжем әулеттің түп қазығы, ұйытқысы бола білді. Ес білгенде көңілге түйгенім, әулет қана емес, ауыл құрметіне бөленген, ағайын туыстың тірегіне айналған абыз жан болды. Балалары, жасы үлкен-кіші 

4,5(32 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ