Жекеше және оңаша:
Менің қолшатырым.
Сенің қолшатырың.
Сіздің қолшатырыңыз.
Оның қолшатыры.
Қолшатыр сөзіне сұхбат.
- Сәлеметсіз бе?Менің есімім - Дидар.Сіз "Білесіз бе?" атты сауалнамаға қатысқалы отырсыз.
- Сәлеметсіз бе?Жарайды,бағымды сынап көрейін.
- Жақсы.Онда мен қойған сұрақтарға кідірмей жауап береді деген ойдамын.Қолшатыр дегеніміз не?
- Қолшатыр - жаңбырдан және күн сәулесінен қорғану үшін қолданылатын бұйым.
- Келесі сұрақ.Қолшатырдың отаны?
- Қытай мен Египет.
- Өте дұрыс.Қолшатырдың қандай түрлерін білесіз?
- Классикалық,автоматты және компактілі қолшатыр деген түрлерімен таныспын.
- Сіз барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердіңіз.Марапатыңызды алып кетсеңіз болады.Құттықтаймын!
- Жақсы,рахмет.Сау болыңыз!
Бағзы замандарда түркілер өз әліпбиін ойлап тапты. Ондағы әріптер қар бетіндегі құс іздеріне өте ұқсас, құйттай сына түріндегі сызықшалармен бейнеленді. Мұндай жазу «сына жазуы» (немесе ешкім сырын аша алмаған бұл жазулар «руна» деп аталады, руна сөзі гот тілінен аударғанда «кұпия», «сыр» деген мағына береді) деп аталады. Ертеде кағаз болмағандықтан, біздің бабаларымыз өздерінің «сына жазуларын» күміс ыдысқа, ағаш тақталарға, беті тегіс үлкен тас кесектеріне жазған. Әсіресе, осы тас тақталардағы жазбалар бәрінен де жақсы сақталған. Олар Орхон және Енисей өзендердін маңынан табылды. Сондықтан ғалымдар оларды көне түркі жазуының Орхон-Енисей ескерткіштері деп атайды. Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен ҚР-дағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады.