Шығарма.
"Қыз Жібек" жыры – асыл махаббаттың айшықты ескерткіші.
Махаббат - әлемдегі бар сезімдердің ұлысы.Махаббатсыз өмір жұпыны болар еді.Бұл - тек адамдар арасында ғана емес,адамның Отанына,туған жеріне,еліне,табиғатқа,белгілі бір кәсіпке,затқа деген сезімін де қамтиды.Мұхтар Шаханов:
Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,
Адам азса махаббаттың жоқтығынан азады,-деп бекер айтпаған деп ойлаймын.Әрине,махаббат тек сүйеніш қана емес,күйінішті де әкеледі.Бірақ махаббат арқылы адамдар жалғыздықтан арылып,бақытты атанады,өзін қолдайтын,корғайтын жанды табады ғой.
Қазақ тарихында қаншама ғашықтар өтті десеңізші.Солардың бірі – Қыз Жібек пен Төлеген.Бұл екі жастың асқақ махаббаты туралы біз "Қыз Жібек" жырынан оқып,білдік."Қыз жібек" лиро-эпостық дастаны – қазақ халқының ең көне,асыл мұраларының бірі.«Қыз Жібек» жыры – аңыз емес, тарихи оқиға,кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар,бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды.Төлеген – нағыз лирикалық кейіпкер болса,Жібек – сұлулық пен әсемдіктің нышаны,қазақ халқының мақтанышы болды.Бұл екеуі бір-бірін құлай сүйгенмен,олардың бақытына Бекежан қастандықпен балта шапқан еді.Кейін Жібек қайсарлықпен сүйгенінің кегін алып, әмеңгерлік салт бойынша Төлегеннің інісі Сансызбайға қосылады.Бірақ,Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі,сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі – сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады.Автордың өзі: "Батырлық, байлық кімде жоқ,ғашықтық жөні бір басқа..." дей отырып Жібек пен Төлегеннің арасындағы махаббаттың адал екенін дәлелдей түседі деп білемін.
Тәрбие отбасынан басталады.
Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.
Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!
Қазақ елі мен жері ұлан байтақ. Жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 9 орында екені бізге мәлім. Пайдалы қазбалары да өте көп мол. Бүгінгі күнде дамыған, әлемге әйгілі мемлекет. Міне, Тәуелсіз Мемлекет атанғанына биыл 21 жыл толып отыр. 21 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елін көркейтіп, дүние жүзіне таныта білдік. Бұл үлкен – жетістік. Әрине, бұның бәрі елбасымыз Нұрсұлтан атамыздың арқасында. Әрине, бұл күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Осы азат күн үшін ата-бабамыз, әпке – ағамыздың қаншама көз жастары төгілді, көптеген қан төгілді. Бұл бостандықты халқымыз бұрыннан тілеген. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» аламапты, «Кіші қазан» төңкерісі, Қабанбай, Бөгенбай, Исатай мен Махамбет көтерілістері, осы азат күн үшін күрескен. Осы көтерілістерден кейін енді ғана есімізді жиып келе жатқанда, Ресей бодандығына кірдік. Одан көрмеген азаптарымыз қалды ма? Тіптен тіліміз бен дініміз жойылып кете жаздады. Қаншама халық аштықтан қырылды. Дәл осы кезде Германия Ұлы Отан соғысын ашты. Бар жиған – тергенін, азық – түлігін халқымыз, майданда жүргендерге берді. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін, қанша Ресей бодандығында болсақта, есімізді жиып, Сәбира, Ляззат, Қайрат сияқты жау жүрек батырларымыз Тәуелсіз мемлекет болуымыз үшін қайтадан көтеріліске шықты. Осы әпке – ағаларымыздың арқасында 1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіз күні болып жарияланды. Осы жылы 1 желтоқсан күні Президентіміз сайланды. Осыдан 21 жыл бұрын егемендігіміз жарияланды. Ата – бабамыз сан ғасырлар армандаған арманға қол жеткіздік. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, қазақ халқының басын біріктіріп, ел қылуға Елбасымыздың үлесі зор. Қанша айтқан мен Ол кісі біздің Тұңғыш Президентіміз. Атамыздың арқасында еліміз елге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Елін көркейтті, экономикасын дамытты, саясатын жақсартты. Құрып кетуге шақ қалған, діні мен тілін, салт – дәстүрін қайта жандандырды. БҰҰ – на мүше болды, ТМД - ға кірді. Қазақ елін айтқанда, Сарыарқаның төсіне көшіп келген бас қаламыз - Астананы қалайша ескертусіз қалдырамыз? Биыл астанамыз Астана болғанына 15 жыл толды. Қазіргі Астана бұрынғы Целиноград емес. Өте әдемі, көркейген қала. Астана қаласына келген қонақтарымыз, жас қала Астананы көргенде таң қалады. «15 жыл ішінде қалайша тез көркейіп, жақсардыңыздар?» - деген сұрақтар көп туындайды. Кейбір елдердің президенттері: «қазақ елі, өзге мемлекеттерге үлгі болатын ел» деген екен. Тіпті, қазақ елінің жастары үшін көптеген университет, колледж, лицейлер ашылды. Дүние жүзіндегі ең үздік университеттердің қатарына біздің еліміздегі, Алматы қаласындағы Әл - Фараби атындағы университет пен Еуразия Ұлттық Университеті кірді. Бұл Университет Астана қаласында салынған. Жастарды «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға жіберілуде. «Дипломмен ауылға» атты шарасы іске асырылуда. Астана қаласын ОБСЕ, Саммит, Азия ойындары өтті. 2017 жылы ЕХРО 2017 жоспарлануда. Яғни, қазақ елі бұдан да танымал болмақшы. Бұл, біз үшін куаңтарлық жаңалық. Міне, бүгінгі күнде еліміз бақыты күн кешуде. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дегендей, отан үшін өмірін қиғандардың есімдері, әрқашан халықтың жүрегінде сақталады. Мен Отанмды жақсы көремін. Мұқағали атамыз айтқандай Отан – біздің бақытымыз. Біз Отанның болашағымыз. Елімізді әрі қарай көркейтетін мына біз боламыз! Еліміздің келешегі – бүгінгі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз және саналы ұрпақ!