Әр елдің астанасы мемлекеттің алтын бесігі болып саналады. Ал қазақтың төрт құбыласындай болған төрт астананың мемлекеттің мемлекет болып, ұлттың ұлт болып қалыптасуында алар орны ерекше. Олар: Ресей жеріндегі Орынбор, Сыр бойындағы Ақмешіт, Алатау баурайындағы Алматы және Сарыарқа төсіндегі Астана. Біз Ақмешіт алаштың алғашқы астанасы деп мақтан тұтуымыз тегін емес . Өйткені 1920-25 жылдары Орынборды Қазақ-қырғыз АССР ның әкімшілік орталығы деп аталды. Одан кейін астана мәртебесі қазақ қалың жайғасқан ата қоныс жібек жолының басты торабы ретінде Сыр бойының бас қаласы Қызылордаға берілді. Осы тұста мемлекетіміздің тарихы қалыптасуына, қазақ халқының тарихи атауының қайтарылуына қызмет жасады. Иә, талай сырды қойнауына бүккен, талай тарланды қанатандырған Сыр шахарының көшелерінде өмір ағымына, халық тағдырына қабырғасы қайысқан қайраткерлер Сәкен, Бейімбет Ильястарлың ізі сайрап жатыр. Сол заманда саз балшықтан соғылған темір жолы вокзалы, қазақ драма театры, өндірістік нысандар Ақмешішітте бой көтерген алғашқы ғимараттар бүгінде көненің көзіндей сыр шертіп тұрғандай. Осынау заманмен ілесіп, талай ұрпақ дүние есігін ашып, қазақ деген атқа лайықты өмір кешіп келеміз. Бүгінде бірлігі бекем, тұтастығы мол егемен елде тұрып жатырмыз. Ал еңселі елордамыз Астана күннен күнге қарыштап дамып, әсемдігімен баурап алуда
Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi қара ала құс. Қарлығаш сөзi «қара», «ала», «құс» деген сөздердiң кiрiгуiнен шыққан. Торғайлар отрядына жататын құс тұқымдасы. Басқа құстардан бiр айырмашылығы – жемiн ұшып жүрiп ұстайды. Суды да ұшып жүрiп iшедi. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр. Арктика мен Антарктидан басқа жердiң бәрiнде мекендейдi. Бүкiл әлемде қарлығаштың 80 түрi бар. Оның 4 туысқа жататын 5 түрi Қазақстанда кездеседi. Олар: жар қарлығашы, құз қарлығашы, қос реңдi қарлығаш, сепкiлтөс қарлығаш, кент қарлығашы.
Республикамыздың барлық жерiне тараған. Орман-тоғай, өзен-көлдер маңында, шөлдi және таулы өңiрлерден жиi ұшыратасың. Жыл құсы. Күз түсе, Африка мен Оңтүстiк Азияға ұшып кетедi. Жылына бiр рет, қыста түлейдi. Екiншi жылы ұрпақ бередi. Екi-екiден, кейде топтанып, шыңға, тiк жарға, кейде тұрғын үй қабырғаларына, ағашқа жапсыра ұя жасайды. Ұяны топырақ пен сазды сiлекейiн араластырып қалайды. Iшiне майда шөп, қауырсын, мамық төсейдi. Қарлығаштың кейбiр түрлерi жарға үңгiп iн қазады. Олардың тостаған тәрiздi, бетiн ашық етiп немесе қап, дорба тәрiздi етiп, кiрiп-шығатын тесiк қалдыра жасаған ұялары да бар.
Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын-шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi.
Қарлығаштар жылына екi рет жұмыртқалайды. Алты-жетi күннен соң жасап бiтiрген ұясына 3-тен 7-ге дейiн жұмыртқа салады. Екi-үш аптада балапан басып шығарады. Балапандары алғаш қызылшақа болады. Балапандарына жем iздеуге шығарда ұядан құлап кетпесiн деп, аяқтарын қылмен байлап кетедi.
Ата-бабаларымыз қарлығашты ежелден жақсы көрген. Қарлығаштай сүйкiмдi, еңбекқор, ақылды болсын деп, қыздарына Қарлығаш деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз-ертегi, мақал-мәтел, жұмбақтар, жыр жолдарын арнаған. Аңыз-ертегiлерде қарлығаштың адамдарға жасаған көмегi айтылады. Мысалы, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегiсi, Төле бидiң қалай «Қарлығаш би» атанғаны туралы аңыз… Қарлығашқа қатысты көптеген ырым-жорамалдар да бар. Мысалы:
Қарлығаш биiктеп ұшса – күн ашық болады.
Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.
Қарлығаш жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егiз туады. Ақ мол болады. Ал үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдiң жан басы көбейедi. Түсiңде қарлығаш көрсең бақытқа кенелесiң…
Биылғы жылы өзіме көптеген мақсаттарымды орындау үшін, алдыма үлкен жоспарларды қойып отырмын. Соның бірі Кіріс-шығыс күнделігі. Яғни 2018-ші жылдың қаңтар айының бірінен бастап тапқан табысыммен, жұмсаған әр теңгемді (ойын-сауыққа, жолақы, ішіп-жеу, тамаққа, қонақтық, сыйлықтар,) күнделікті кіріс-шығыс күнделігіме жазып отыру. Осы арқылы айлық табысымды барынша реттеу, мейлінше шығындарды азайту. Кіріс-шығыс күнделік журналын жазу маған не береді? 1. кіріс-шығындарымды реттеу, 2. әр тапқан табысымның қайда жұмсалғанын анықтап отыру, 3. мүмкіндігінше шығындарымды азайтып, артық ақшаны өз қорыма қосу, жинау, 4. әр айдың бірінші аптасында кіріс-шығыс журналымды реттеп, әлеуметтік желіде көппен бөлісу. Осы арқылы күнделікті жұмсалатын әр теңгемнің қайда жұмсалғанын, тапқан табысым арқылы есептеп реттеудің жақсы шешімі.