1. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін табыңыз
А) Тас жүрек
2. Бір-біріне антоним бола алмайтын сөздерді табыңыз
В) Әлсіз – жақын
3. Ашық дауысты дыбыстарды көрсетіңіз
В) а, о, е
4. Ашық буыннан ғана тұратын сөзді табыңыз
С) Балаша
5. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз
В) Жолдастікі
6. Буын үндестігінде маңызды рөл ойнайтынын анықтаңыз
Е) Қосымша
7. Түбір сөзді табыңыз
Е) Арман
8. – шы, - ші жұрнақтары арқылы қандай сөздер жасалатынын анықтаңыз
С) Мамандық атаулары
9. Сөзге дұрыс жалғауды қойыңыз; керует...
С) – те
10. Жалғаудың санын көрсетіңіз
С) 4
11. Жалпы зат есімді табыңыз
А) Орындық
12. – лер жалғауы қай сөзге дұрыс келетінін көрсетіңіз
А) Үй
13. Кім? Не? – қай септктің сұрақтары екенін белгілеңіз
С) Атау
14. Сын есімді табыңыз
Е) Көкшіл
15. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз
С) Екі мұғалім
16. Есімдік пен зат есімнен тіркескен сөз тіркесін табыңыз
D) Бұның кітабы
17. Негізгі етістікті көрсетіңіз
D) Өс
18. Сұраулық шылауды көрсетіңіз
D) Біз бүгін оқимыз, сендер ше?
19. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің санын табыңыз
А) 3
20. Ол 1894 жылы туды. 1894 жылы сөйлемнің қай мүшесі екенін көрсетіңіз
Е) Пысықтауыш
21. Сен «Абай жолы» романын оқыдың ба? Сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз
D) Сұраулы
22. Дара толықтауышты көрсетіңіз
Е) Анасын
23. Жайылма сөйлемді табыңыз
А) Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді.
24. Құрмалас сөйлемді табыңыз
D) Олар екі-үш күн ерте келгенімен, ешкімге жолыға қойған жоқ.
25. Қыстырма сөзді табыңыз
В) Бәлкім
26. Көп нүктенің орнына болымсыздық есімдігін қойыңыз. Бұл жерде ... сырымды білмейді, айтып не етейін.
А) ешкім
27. Қазақстан Республикасының Елордасы - ... толықтырыңыз
Е) Астана
28. Қазақстан шығыста қай елмен шектесетінін белгілеңіз
В)Қытаймен
29. Наурыздың қандай мейрам екенін көрсетіңіз
D) Жаңа жыл мейрамы
30. Мұсылман мәдениетінің орталығы болып саналатын қаланы анықтаңыз
С) Түркістан
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан - жыр елім!
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан - көз жасым!..