Мен саған бірдеңе әкелдім. Жалқаулықтан қай бір пайда болар дейсің. Есік алдында әлдекім ағашты сындырып кетіпті. Мен демалысқа әлдеқашан дайындалған болатынмын. Кейбіреуге айтқан ақыл далаға айтқанмен тең. Әрнені ұқыптап ұстасан пайдасын көресің.
Қарағанды – бұл Қазақстанның ірі индустриялы-өндірістік, ғылыми және мәдени орталық. Қала аты осы маңайда көп өсетін қарағана өсімдігінен шықты деп есептелінеді. Қарағанды өзінің қала мәртебесін 1934 жылы 10 ақпан айында алды. Бүгінгі күні, халық саны бойынша, Қарағанды – Қарағанды облысның ең үлкен қаласы (559 200 адам) және Қазақстан бойынша төртінші орында (Алматы, Шымкент, Астана).Қарағандыда көмір шығару бойынша ірі кәсіпорындар жұмыс істейді, сонымен қатар машина салу, металл өңдеу және тамақ өндірісінің кәсіпорындары бар. Қалада көлік және байланыс кәсіпорындары көп.