ответ:Түріктердің наным-сенімдері және дінi — жалпы алғанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың — ша- мандардың қолында болды, ал шамандар ертедегі түрік мәтіндерінде қам деп аталған. Шамандар, сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған. Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб) сиыну болды". Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды. «Кек өз биігінен (көк жүзінен) менің әкем Илтериш-қағанға және менің анам Илбілге-қатынға жөн сілтей отырып, оларды (халықтан) жоғары қойды, менің өзімді түрік халқының аты мен даңқы жойылып кетпеу үшін қаған етіп отырғызған (қағандарға) мемлекетті сыйлаушы Кек деп ойлау керек». Көктің еркімен «түріктер жеңіске жетіп немесе жеңіліске ұшырап отырды». Жұт жайлаған жылдары түрік халқын Көк пен Жер-Су сақтап қалған. Түрік хандары өздерінің жазбаларында Көкті өздерін әрқашанда желеп-жебеуге шақырады.
Объяснение:
Өнер – халық тарихының шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Сөз, әуен, қолөнер адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан көптеген нәрсені көрсетіп, алуан түрлі сыр шертеді. Қазақ халқының басынан өткен сан қилы замандар, оның тіршілігі мен дағдарысы, салт-дәстүрі, санасы, өмір сүрген ортасы, әдет-ғұрпы арқылы ұлттық өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, болашақ үшін тарих сахнасына айналды. Ұлттық өнерімізді бізге жекізе білетін салалардың бірі – музыка.