Марс (Қызыл жұлдыз) — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4-ғаламшары; Жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диаметрі 6800 км, массасы 6,423.1023кг, орташа тығыздығы 3,97 г/см3, бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,76 м/с2. Марс Күнді эллипстік орбита бойымен 24,2 км/с жылдамдықпен айналады, Күннен орташа қашықтығы 228 млн км (перигелийінде 206 млн км, афелийінде 249 млн км). Марс, Күн және Жердің өзара бірдей қашықтықта орналасуы орташа есеппен 780 тәулікте қайталанады. Бұл Марстың “қарсы тұрыс” периодының қайталануы. Марстың қарсы тұрысы Марс орбитасының перигелийі маңында болған кезде ол Жерге ең жақын болатын 56 млн км қашықтыққа келеді. Осы кезде Марс 24 – 25° бұрышпен көрінеді, ал ондағы 60 – 100 км-лік заттар телескоппен қарағанда байқалады. Осындай кезді “ұлы қарсы тұрыс” деп атайды.
Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) деп атаған құбылыс ғылымды қоғамдық өндірістің жетекші даму факторына айналдыру негізінде өндіргіштік күштердің түбегейлі, сапалы қайта құру болып табылады. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық революция дегеніміз- белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. Дүниежүзі аймақтары мен елдердің ҒТР дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде XX ғасырдың 80-90 жылдардан бастап ҒТР-дің дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заман тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі ҒТР өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға,
Тұрқы 160 – 290 см (ең ірілері 3 м-ден асады), құйрығының ұзындығы 110 – 120 см-дей, салмағы 200 – 220 кг (кейде 300 кг-нан артық). Еркегі ұрғашысынан ірі болады. Басы жұмыр, жүнінің түсі қызыл жирен, арқасы мен екі бүйірінде көлденең қара түсті жолақтары айқын байқалады. Құлағы қысқа, төрт қатар мұртшалары ірі қылшықты (ұзындығы 14 – 18 см).Көзінің қарашығы ашық сары түсті. Сойдақ тістері өте ірі әрі өткір, иілген тырнақтары мықты, алдыңғы аяғы артқы аяғынан жақсы жетілген. Көбінесе, қоныс ауыстырып, жеке жүреді. Жабайы шошқа, бұғы, марал, елік, т.б. тұяқты жануарларды ұстап жейді, кейде малға, қасқырға, итке де шабады. Жолбарыс 2 – 3 күшік туады, оларды 5 – 6 ай емізеді. Табиғи жағдайда 40 – 50 жылдай тіршілік етеді. Дүние жүзінде жолбарыстың саны жылдан жылға азаюда. Мысалы, 2000 ж. жолбарыстардың жалпы саны 7 мың болды. Қазіргі уақытта жабайы ортада (13 мемлекетте) мекендейтін жолбарыстардың саны 3200 шамасында ғана қалды. Сондықтан жолбарыстың барлық түрі қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Жолбарысты қазақ халқы ежелден күштіліктің символы санаған. 12 – 13-ғасырларда Тоқтамыс хан соқтырған тиында жолбарыс бейнесі салынған.