Домбыра:Екі ішекті 9-14 пернеге дейін болатын шертпелі аспап.
Қобыз: Екі ішекті,ысқышпен ойнайтын аспап,ішегі аттың қылынан есіп жасалады.
Асатаяқ: Басы жалпақ,оймышталған таяқ.Жалпақ басына әртүрлі сылдырмақтар,қоңыраушылар орнатылады.
Жетіген:Жеті ішекті аспап.Ішектерге тиек ретінде және ішектің дыбысын реттеуші тетік ретінде асық пайдаланады.
Сыбызғы:Кепкен қурайдан,жуан қамыстан жасалатын үрмелі аспап
Дабыл: Соқпалы аспаптардың ең үлкені,үндісі.Онымен тұтқиылдан қауіп төнгенде не елді жиынға шақырғанда пайдаланады.
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас, біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда — деп Мiржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келіпсіздер! Армысыздар, құрметті ата -аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Бесіктегі баланың, күлгенін көрген - бір бақыт.
Бастауыш біздің балбұлағымыз
Жаңа жыл жыл басы. Жаңа жылды балада, үлкендерде асыға күтеді.
Жаңа жылды дастархан жайып,үлкен үмітпен қарсы алады. Біз де отбасымызбен осы жаңа жылды күттік. Ата-аналарымыз жаңа жыл жақсы табыс, молшылық әкеледі деп сеніммен күтед.Әке-шешелеріміз жаңа жылдық шырша құрып, үйді безендіріп қояды.