М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
darya942
darya942
04.07.2022 11:58 •  Қазақ тiлi

Написать сочинение на казахском языке на тему алматы табиғат-природа алматы 34

👇
Ответ:
1234567Саша
1234567Саша
04.07.2022
Алматы Асқақ Тянь-Шань тауы жотасының көкжасыл бауырайынан орын тепкен қаланы «қала-бақ» деп атайды. Қала маңының табиғаты да әсем: мен мұңдалаған, алып тау шыңдары, асау өзендер, түрлі жұмбақ үңгірлер, бірегей реликті шоқ тоғайлар, бәрі де қаладан бірнеше шақырымда ғана жатыр. Бұл жер тарихта Жетісу – «жеті өзен елі» атымен белгілі, қәзірде еліміздің ең бай және көрікті аумақтарының бірі. Алматы туризмінің ерекше қызықтыратыны, саяхатшы бір күннің ішінде бес климаттық аймақтың куәсі бола алады – ыстық шөлді жерден бастап, мәңгілік қарға дейінгі жолдан өтеді. Бұл өлкенің көрікті табиғат кешені әр түрлі туризмнің гүлденуіне мүмкіндік жасайды. Алматы Қазақстанның табиғаты сұлу тау қойнауында, Орта Азияның климаттық жағдайы ең қолайлы жерлерінің бірінде орналасқан. Тап-таза мөлдір тау суы қалаға, жасыл желектерге нәр беріп, ауаны тазартады. Бұл туристер үшін де бәрекелі өлке. Мұнда тамашалап көретін, Хан Тәңірі шыңы мен Шымбұлақтың қар басқан жолдарынан Ұлы Жібек жолы, Әнші құмдар маршруттарына дейінгі, бірегей жерлер өте көптеп кездеседі. Қала Евразия құрылығының дәл ортасында, Қазақстанның оңтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 700 ден 1100 м биіктіктегі, Тянь-Шань тауының етегінде орналасқан. Оның үстінен, биіктігі жағынан Қазбек, Монблан шыңдарынан кем түспейтін, Талғар (5017м), Нұрсултан (4376м), Үлкен Алматы (3684м) шыңдары мен мұңдалап алыстан көрінеді. Алматының климаты шұғыл континентальды, жыл бойы ғана емес, тәулік бойы да температураның ауытқып отыруы жиі байқалады. Халқының саны - 1 млн. 500 мың, жер көлемі - 350 кв.м, экономикалық белсенді халқының саны - 763 мың адам. Алматы көк желекпен көмкерілген. Оның 10 000 гектар аумағын саябақтар мен шоқ тоғайлар, гүл бағзалар және бақшалар алады. Орталық көшелері мен даңғылдары, арықтар мен фонтандарды, егіндік пен бақшаларды төмен қарай құлдырай ағып жатқан, үш тау өзендері – Есентай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерімен жарыса, жоғарыдан төменге, оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатыр. Қалаға салқын ылғал ауа әкелетін фонтандар (су бұрқақтар) мен көз қуантар гүл бағзалар ерекше әсемдік береді. Қала көркі кешке және түнде, түрлі түсті жарқ-жұрқ еткен сары, ақ, қызғылт моншақ-шамдар ұшқындары қатар тізіліп, таңғаларлық сұлу кейіпке енеді. Витриналар, кафе, мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарының оттары таң атқанша сөнбейді. Алматы – Іле Алатауы баурайында алқызыл гүлге бөленген, Орта Азияның ең әсем қалаларының бірі ретінде мойындалған, қала бақ. Алматылықтар өз қаласының әлемдегі ең сұлу қала екендігін мақтан етеді.
4,4(99 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Lexakek111
Lexakek111
04.07.2022

Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстікбатыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.

Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.

Галикарнас кесенесі

Кіші Азиядағы шағын қа-лалардың бірі Галикарнас-тың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерле-рі жер-жерлерден әйгілі құ-рылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түр-кияның Бодрум қаласы) са-луға пайдаланған.

Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайы мен Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы.

4,4(72 оценок)
Ответ:
ёлкап
ёлкап
04.07.2022

«Жас бала анадан туғанда, екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демелік. Не көрсе, соған талпынып, жалтыр – жұлтыр еткен болса, оған қызығып, ауызына салып, дәмін татып қарап,..сырнай – керней болса даусына ұмтылып, ...бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.» Осы Абайдың қара сөзі маған өте ұнайды, оның терең тәрбиелік мәні бар.

        Білім – тәрбие жемісі. Кім қайда отырса да, алдымен адам. Осы жылы мектепті бітіріп, мен оқуға түсемін. Өз күшіме сенемін, орыс болсам да, қазақ тілін қастерлеймін, неге десен – Қазақстан топырағында тұратын азаматпын. Қазақстан – менің туып - өскен жерім, Отаным. Әке – шешем де осында өскен, оқып, білім алған. Қазақ тілін үйрену қиын емес.Тек ықылас керек. Мен қазір қажетті заттар туралы сұрай аламын. Маған қазақтың мақал – мәтелдері қатты ұнайды.

        Білім әр адамға керек байлық. Біз – еліміздің ертеңі, болашақтың бастауы. Қазір осы мектеп қабырғасынан білім алып, ұшқан ұясына қайта қонып, барлық көрген – білгенін өз істеп жатқан жұмысына салып отырған адам аз. Балалардың көбі жоғары білім алып, өз мамандык бойынша жұмыс таба алмай отыр. Кейбіреулері осы ауыл шаруашылығында сауыншы, малшы болып жұмыс істеп жүр. Білім таусылмайтын кен болып табылады. Осыны түсінген адам оның қадірін біледі. Білікті маман болу үшін көп еңбектену керек. Мен қайтсем де өз мақсатыма жетемін.

        Халық бар жерде тіл де бар. Мен болашақтың есігін ашып, жаңа ғасырға қонақ болмай, өз тағдырымның иесі боламын. Бүгінгі уақыт талабы әр адамның өз көзқарасын, пікірін білуін, өз ойын дұрыс дәлелдей алуын қажет етеді.

       Менің ең қымбатты байлығым - қазақ тілін үйренуі. Орыс тілінің ықпалы аз болғандай – ақ, енді ағылшын тілі де Қазақстанның әлеуметтік қарым – қатынас кеңестігіне еркін болып барады. Үш тіл өте қажет, оның пайдасы көп деп санаймын. Болашақта менің арманым – шетел. Англияға барамын деп армандаймын, көп дос табамын, жақсы маман болып армандаймын. Көп тіл білетіннің болашағы  жарқын. Мен ең жақсы маман боламын, сол үшін қазір тілдерді оқып тырысамын, әсіресе қазақ тіліне көп көңіл бөлемін.

      Болашақта мен қазақ тілі нағыз мемлекеттік тіл болатын күн алыс емес екеніне сенемін. Іс - қағаздар, қағазға қатесіз толтырылып, көшедегі жарнамалар таза қазақ тілінде ілініп тұратын болады.

       Тіл – халықтың тағдыры. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Осы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі енді қанатты сөз болып есептеледі.

       Тіл – а ң айнасы. Тілді мамандар ойлап тапқан жоқ, оны халықтың өзі жаратты. Бізде, Қазақстан тұрғындарында, Қазақстаннан басқа Отан жоқ. Біз оны жақсы түсінеміз. Қазақ тілі басқа мемлекетте мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріліп, мемлекеттік мәртебеге ие бола алмайды.

     «Оқудың үш түрі бар: біріншісі, оқысы да түсінбеу, екіншісі, оқу әрі түсіну, үшіншісі, оқу және тіпті жазылмағанның өзін түсіну» деген  Я.Б.Княжнин, орыс драматургы және ақыны. Сөзі өте дұрыс, ақылды.

       Қазақ тілін оқып үйренудің қажеттігін түсіну керек.Түған жердің тілін, мәдениетің білмеу, азаматың құрметтемеу маған ұят сияқты. Менің көп тіл білгім келеді. Қазіргі уақытта көп тіл білу өте қажетті. Тек қана қазақ тілін үйреніп алғанымыз да аз емес, неге десен – қазақ тілін білсең: өзбектің, ұйғырдың, татардың да кейбір сөздерін түсінесін. Әр тілді құрметтеу керек.

      Адамды адам қылатын да, халықты халық ететін де тіл екененін ұмытпайық.Тілсіз болашақта өмір де жоқ, себебі жақсы жұмысқа да орналаса алмайсың.

Объяснение:

общым керек жерлерін жазып аларсыз

4,8(52 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ