М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ellapopova05
ellapopova05
20.06.2022 21:20 •  Қазақ тiлi

Три предложения на казахском языке о природе с переводом

👇
Ответ:
emilimalaya
emilimalaya
20.06.2022
ТРИ ПРЕДЛОЖЕНИЯ НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ О ПРИРОДЕ С ПЕРЕВОДОМ
4,8(39 оценок)
Ответ:
villa2003
villa2003
20.06.2022
Все время года очень красива но природа зимой особенно Зимой становится день короче а ночь длиннее Зимой так красиво какну и для этого у меня воображения не хватает

Барлык мезгил оте адеми бирак табигат кыста оте адеми Кыста кун кыскарады тун узарады Кыста сондай адеми сондай биренди елестетуге де бир адеми бейне жок
4,4(14 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
gasdgg
gasdgg
20.06.2022
Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1928 жылы орта мектепті бітіріп, 1931-1933 жж. Семей Қазақ ағарту институтында оқиды. 1933 жылы Алматы қаласына келіп, Қазақ драма театрының құрамына қабылданады. 1947-1951 жж. аталған театрдың бас режиссері болады. Театрдағы қызметі барысында актерлік шығармашылығын шыңдап, шеберлігімен көзге түсті. Театрдағы үздік рөлдері: Ақан сері («Ақан сері — Ақтоқты», Ғ. Мүсірепов), Қобыланды («Қарақыпшақ Қобыланды», М. Әуезов), Казанцев («Түнгі сарын, М.Әуезов), Тихон («Найзағай» А. Островский), солдат Шадрин («Мылтықты адам», Н. Погодин), Петруччио («Асауға-тұсау», Шекспир), Отелло («Отелло», Шекспир). 1952 жылы «Абай» (М.Әуезов, Л.Соболев) қойылымы үшін Сталин атындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болады. 1938 жылдан бастап Шәкен Айманов кеңес кинофильмдеріне түседі. 1954 жылдан бастап режиссер болып, бірқатар фильмдерді түсірді. Өз мамандығының хас шебері ретінде Шәкен Айманов өз кейіпкерлерін сомдағанда көзтартар іс-қимылдар жасаумен қатар, оның ішкі дүниесін ашуға тырысатын. Режиссерлік қызметі барысында Айманов кинофильм мазмұнын жан- жақты ашып, ой толғамдармен қызықтырып, көркемдік жағынан суреттейтін. Дарынды актер, шебер режиссер қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі болып, қазақ өнерінің жанданып, дамуына үлкен үлесін қосты.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/199/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
4,8(54 оценок)
Ответ:
OtlicnikKZ1337
OtlicnikKZ1337
20.06.2022

Тіл мен әдебиеттің «алтын ғасырының» соңын ала келген М.Мақатаев сынды тұлғалардың ұлттық санасында Абайдан Әуезовке дейінгі ұлағаттылық пен сөз өнерінің озық үлгілері тұрды. Ол әдебиет майданында Абай салған дәстүрмен өз қоғамындағы тарихи, мәдени өзгерістерді, жеке адам бойындағы эмоциялық қалып-күйлерді өз таным-түсінігі тұрғысынан қарап, дәуіріне үн қоса білді. М.Мақатаев шығармашылығы қазақ өлеңінің тақырыптық-идеялық жағынан жаңа сатыға көтерілгенінің көрсеткіші. Сол себепті де ақын «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» дейді.

Ақынның суреткерлік шеберлігін айқындау жолында оның шығармаларындағы көріктеу амалдары мен көркемдік әдістеріне зер салып, көз жүгіртелік. М. Мақатаевтың әдеби шығармаларында оның тілдік ерекшелігін көрсететін көріктеу құралдары көптеп кездеседі. Соның бірі – теңеу. Академик Р.Сыздық: «Теңеу – таным нәтижесі, сондықтан теңеулердің дені этнографиялық, ұлттық сипатта болады» дейді. Мұқағали поэзиясында тіл үшін дәстүрлі саналатын –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалған теңеулер мол. Мысалы: 
Жүрген жан ем байымай, тапшысынбай, 
Сарсаң болдым ертегі бақсысындай. 
Басым қалды жасырын полигон боп, 
Өзім тұрмын мақтаулы сақшысындай.

Теңеуде ерекше салыстырылатын нәрсе – а ң ерекше қасиеттері. Бұл дәстүр барлық тілде кездеседі. Қазақ тілінде а ң ерекше қасиеттері мен табиғат құбылыстарына қатысты теңеуүлгілері алдыңғы кезекте салыстырылатын категория болғандықтан ерекше түрге ие болып қолданылады. Бұл теңеулер алдымен эпостарда молынан кездесетіндіктен шартты түрде эпостық теңеулер деп аталған. Сол сияқты Мұқағалида -тай, -тей, -дай, -дей тұлғалы теңеулерде табиғат суреттері, құбылыстары, аң-құс атаулары лингвомәдени позициядан теңестіріледі. Мысалы, ақынның мына бір өлең жолдарында:

….Жолбарыстай атылып тізгінді алдың, 
Жігіт жүрек қыз едің, жігіт жүрек, – делінеді.

Бұл жерде ақын «жолбарыстай» теңеуімен жылдамдықты суреттесе, «жігіт жүрек» сөзі де әдемі теңеу тұлғасына келеді. Осы теңеудегі негізгі ерекшелік онын әрекетпен байланыстылығында болса керек. Бұған дейін жолбарысқа теңеу Мағжан ақын жырларынан ғана кездескен еді. Оның өлеңдерінде қазақ танымындағы дәстүрлі ұқсатулар (ассоциациялар) жетіп артылады.

Мысалы: 
Жапырақ – жүрек, жас қайың! 
Жанымды айырбастайын… 
*** 
Шешем менің - иілген сүрау белгі 
Дауылдар майыстырған мына белді. 
деген ақын суретті образ жасайды. Образға барар алғашқы баспалдақ - суретті сөз болып табылады. Метафора табиғатында бейнелік ұқсастық құндылықтары жатса керек, өйткені, сол ұлттың өкілі ғана метафораны жылы қабылдаса, ал басқа ұлт өкілі селт етпеуі мүмкін. Мәдени, рухани ұлттық құндылықтар сөздердің бір-біріне сәуле түсіріп, ауысуына қашанда өз әсерін тигізіп отырады десек артық айтқандық болмас. Құбылыстар ұлттық санада тоғысқан метафоралық қолданыстың өмір сүруіне алып келеді. Тілдегі құбылыстарды ауыстыру шексіз процесс. Сол себепті метафоралық қолданыс қоғамдық өмір, құрылыс өзгеріп, дамыған сайын жаңаша рең ала береді. 
Мұқағалидың танымдық метафораларында өзін айқындықта көрсету орнына, көбіне «қарапайымдылықты» қалайды. Бұл да ақынның өзіндік қолтаңбасы болса керек. 
Мәселен, 
…Көңілімнің сыбырлап көк құрағы, 
Аққуы ұшқан ақ айдын көп тұнады. 
Ақын өлеңдерінде өзіндік қолданыстағы метафоралар мен алмастырулар да, жан-жануар, ағаш, тұрмыстық-салт лексика да кездесіп отырады. Мұқағали өлеңдерінде дәстүрлі ұғымдар да метафоралық тіркес құрайды, 
Көзді ашып-жүмғанша көсеуін ап қолына 
Жетіп келді бір күні жел үрлеген сырдаң күз 
Қаза қылмай бірде-бір таң самалын, 
Қыз қырман сапырды ол қашан мың. 
Күз деген - әрі диқан, әрі малшы 
Тонын жаман демеңіз малшы ағаның – деген жыр жолдарынан көруге болады. 
Мұқағали шығармаларында әр метафоралар бұрынғы дәстүрлі деңгейдегі сөз ауыстыруларға, символдық мәні бар метафораларға, яғни сөз – символдарға ұласады. Символ – метафора сияқты тілдік тұлғаның тіліндегі ұлттық мәдениеттің көрсеткіші. Символдық мәнді халқымыздың дәстүрлі ұғымдарын білдіретін сөздерден іздеуіміз керек. Мысалы, құстың, жан-жануарлардың атаулары – халқымыздың бұрыннан келе жатқан тіліміздегі символдары. Осы орайда ұлтжанды тұлға Мұқағали тіліндегі сөз – символдар мәні таң қаларлық. Суреткер тілінде құстар символикасының орны ерекше. Әсіресе, аққу – әдеміліктің, тектіліктің, махаббатқа адалдықтың, қазақы мәдениеттің символы ретінде бейнеленеді. Оған дәлел – ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы аққу образы.

…Аққулар… 
Аққу мойын, сүмбе қанат, 
Алаңсыз тарануда күнге қарап. 
Айдынның еркелері, білмей тұрмын, 
Етермін тағдырыңды кімге аманат?! 
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу! 
Сондай-ақ, аққу, сандуғаш, тоты құс, аққу, жапалақ, бүркіт, торғай сөздеріне қазақ халқының ұғым түсінігін, табиғат бейнесін, санасында жағымды, жағымсыз бағалауыштық коннатацияларды сыйғыза білген. Сондай-ақ, ақын бүркіттің адал достығы мен тектілік, батылдық қасиетін, құсбегілік салтының бір бөлшегін «еркіндік» символына сыйғызған. Бүгінде еліміздің туында еркін шарықтап ұшқан қыран бейнеленгені ақын арманының орындалғанының көрінісі.

4,5(66 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ