М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
otlichnik41
otlichnik41
29.04.2021 08:01 •  Қазақ тiлi

Сочинение биз бейбитшиликти суйемиз

👇
Ответ:
kristok2012
kristok2012
29.04.2021

Біз бейбітшілікті сүйеміз

Кез келген азамат үшін "бейбітшілік" сөзінің құны жоғары. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Бейбітшілік деген адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Әрбір жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, олардың өнегелі істерін оқып біліп, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді ұғынып, туған өлкеміздің тау-тасын, өзен-көлін, қазба байлығын өзімдікі деп сезініп, оны қорғай да білетіндей болу керек.

Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Ұлтымыздың мақтанышы Қ.И.Сәтбаевтан шетелдіктер: қазақ деген халық сіз сияқты сымбатты да, ірі ме?дегенде, Қ.И.Сәтбаев:»халқым менен де биік, менен де сымбатты»-деген екен ендеше сол ағаларымыздай Ұлтжанды, білімді ұрпақ бола білейік. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дегендей, баршамыз бір шаңы¬рақ иесіндей жұдырықша жұмылар болсақ, бейбітшілікті әлемге ¬талай паш етеріміз белгілі. Бүгінгі еліміздің бейбітшілігі біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 1982 жылы бүкіл әлем бойынша тыныш заманды құруды ұсынып, Халықаралық Бейбітшілік күнін белгіледі. Содан бері бүкіл әлем халықтары 21 қыркүйекті бебітшілік күні ретінде атап өтеді. Бұл мереке адамдарға бейбітшіліктің не екендігін түсіндіріп қана қоймай, бейбіт заман үшін не жасау керектігін де ұғындырды.Сол жөнінде адамзаттың толғанып жүруіне ой салды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтар бейбіт күннің ғұмырының ұзақ, тіпті мәңгілік болуы үшін күресуді бастап та кетті. Олар адамзаттың тыныш ұйқысын бұзып, баларды шат күлкісінен айыратын зұлматты оқиғалар мен үрейлі жәйттерді болғызбау үшін қолдарынан келгенді жасауға көшті. Осы бастама барысында олар бір-бірімен тәжірбие алмасып, жұмыстарына қызу кірісіп жүр. Сіз де, біз де бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз. Осы бейбіт заманның ғұмырының баянды болғанын тіледік.

4,7(57 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
hetag15
hetag15
29.04.2021
Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы кеңінен етек алды. Ол әрбір іске кірісер алдында міндетті саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам езгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс. Бата беруші Жаратушы Алладан бақытты өмір, материалдық байлық, әрбір істе табысты болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады.Бата адамдарды лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, ізгілікті әрі қайырымды істерге баулиды. Қандай да болсын бір іске кірісерде, дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда әркім ақсақалдардан бата алатын болған. Бата шаңырақ көтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі. Қазақтар өздерінің балаларына атақты кісілерден, құрметті қонақтардан бата алып қалуға тырысқан. Ислам дінінің таралуына байланысты бұл дәстүр бұрынғысынан да күшейе түсті. Қайтыс болған адамның үй-іші мен туған-туыстарына көңіл айту кезінде де бата беріледі, марқұмның өзіне де, артында қалған үрім-бұтағына да ізгі тілектер білдіріледі.
4,7(77 оценок)
Ответ:
Koko2010007
Koko2010007
29.04.2021
Шартты:Сәулең болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл сал. Алты малта ас болмай, Тебінгі терге шірімей, Ерлердің ісі бітер ме?
Себеп:Осы кісінің жәрдемі болғандықтан, біз баратын жерімізге тез бардық.
Қарсылықты:Барып сырттан құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді.
Мезгіл:Аттылар жал-жалт қарасқанда, жақын жерде дөңгелене отырған көп адамның жиыны көрінді.Жігіт ұшып тұрып, келген кісіге есік ашты.
Мақсат: Арыстан өзінің сөзінен шығу үшін, үш күнде бір кітап оқып шығады. Ысқақ жылқы суаруға құдық басына барды
4,4(94 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ