Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген.Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді.Әсіресе зергерлік бұйымдар әйел адам үшін керек.Ол әйел адамның көркіні ашады.
Жақын туыстары Абай қазасынан кейін, Әлихан Бөкейхановтың кеңесі бойынша ақынның асыл мұрасын жинастырып, баспаға әзірлеуге кіріскені мәлім. Бұл туралы құнды де¬ректі 1915 жылы “Қазақ” газетінде жария¬лан¬ған Кәкітайдың қазасына байланысты жаз¬ған мақаласында: “1904 жылы Абай мар¬құмның өлеңін кітап қылып басыңдар деп, балаларына хат жаздым” деп Әлекеңнің өзі жеткізеді (Абай дүниеден өткенде алғаш рет орыс тілінде қазанаманы жазған да Әлекең екені белгілі). Сөйтіп, Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылдың қысы мен жазғытұрымында Абайдың өлең¬дерін, қарасөздерін жинап, түгендейді. Ал, жа¬дырап жаз келгенде бұл екеуі Абай мұра¬сын көрші әрі туысқан есебінде болған Мүр¬сейіт Біке баласы деген молданың қолына бе¬ріп, әдемілеп көшіріп жазуды тапсырады. Көркем (ескіше хұсни) жазудың хас шебері Мүрсейіт молда, Әрхамның куәлігінше, ар¬найы тігілген қоста отырып, өз жұмысын бір айда аяқтап шыққан екен. Аға буын зерттеушілер көп зерделеген бұрыннан мәлім мағлұматтарды қайталап жатудың қажеті шамалы. “Абайдың алғашқы жинағы баспаға қалай әзірленді?” деген сұ¬рақ¬тың, біздіңше, бүгінгі күні бір ғана астары қалған сияқты. Ол – аталмыш жинақтың шығуына шәкірті Шәкәрімнің қосқан үлесі қандай еді деген мәселе. Төменде осыған баса назар аудармақпыз. Бірден айтайық, Абай өлеңдері мен қара¬сөздерін жинастыру барысында Шәкәрім мынадай істерді атқарды деп санамалап өту қиынға соғады.