Алматы қаласы , Қапал ауданында Ақын Сараның мемориалды мұражайы бар. Бұл мұражайда Сара апамыздың киген киімдері, күмістен әшекейлеген заттар сақталған. Әр бөлмесінде өзі қолданған заттары , домбырасы,жихаздары және тігін машинасы әлі күнге дейін сақталған. Қазіргі таңда музейдің қорында 603 жәдігер бар, оның ішінде 256 негізгі қор, 347 көмекші қоры бар.
Мұражайға кірсең Ақын Сараның балалық шағы, өскен ортасынан басталып, ақындық жолы, қазақ әдебиетіндегі елеулі оқиғаларының бірі-Ешкөлмес тауының етегіндегі атақты ақын Біржан салмен айтысы, ақын өлеңдері және Сара мұрасын зерттеушілер мен ізбасарлары туралы мәлімет береді.
Мұражайдың мақсатыда сол Жетісу жерінің ақындарымен соның ішінде ақын Сараның өмірін, шығармашылығын насихаттап, жастарға таныстыру. Оның мұрасын көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.
Көркем әдебиет стилі' - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармаларда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі.