М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
килр
килр
19.04.2020 02:59 •  Қазақ тiлi

Написать сочинение на казахском языке на тему мой город.

👇
Ответ:
Iaro
Iaro
19.04.2020

Арқалық... өз уақытында 50 мың халқы бар, 50 жылдық тарихы бар, шағын болса да, әдемі әсем қалалардың бірі еді. Алайда, сонау қиын-қыстау кезеңді көтере алмаған жұрт сыртқа ағылып, соның салдарынан біршама мөлтек аудан қаңырап бос қалып, соңы бірінші қабатынан аспан көрінетін қирандыларға айнала бастады. Тек қаланың әйтеуір бір қалмасына сенімді тұрғындар ғана өз орындарын суытпай, қаңырап бос қалған үйлерде қала берді. Біз де сол тұрғындардың қатарында болатынбыз. Мөлтек ауданымыз бос қалуға қалған шағында, тәуір деген қала орталығына көштік. Сол үйімізде әлі күнге дейін тұрып келе жатырмыз. Бірақ, «Жыртық үйдің Құдайы бар» демекші, Елбасымыз Қазақстанымыздың экономикасын алға шығарып, тынымсыз еңбек етуінің арқасында, біздің қала ұмтылған қалалардан ауылы алыстай бастады. Жұрт – жылу, жарықты жылдар бойы көрмей, қиын-қыстауға көніп, қала жағдайы түзеле бастаған шағында, ұйқысынан оянған баладай күй кешті. Бірақ, жылдар бойы «ұйқыға» кеткен қаламыз оянып, адамдарға жаңадан жұмыс орындары табылып, бірнеше үйлер мен жатақханалар, балабақшалар салына бастады. Адамдар бұрын бір күнін ғана ойлайтын жағдайда болса, енді міне болашағын ойлайтын жағдайда. Мен бұларды бір кітаптан көшіріп жазып алған дүниелер емес, бала болсам да есімдегі күндер, ата-анамның қыстан бізді қалай болса да ашықтырмай, тоңдырмай алып шығамыз деген ойлары басым болғанын көрген соң жазылып отырған дүниелер. Халыққа жұмыс болмай, құр нан мен қара шаймен отырған күндеріміз де қаншама. Бірақ, мұндай қиындықтардың өзі де бір сабақ сияқты, төзімділік пен сабырлыққа үйретеді. Қаланың қазіргі жағдайы мен, қала халқының көңіл-күйі қазіргі кезде алайда мұндай емес. Басқа қалаға жан сауғалап кеткен жастар мен адамдар қалаға қайта оралып, өз туған қаласына еңбек етуде. Қайда барсаңда адамдардың көңілі жайдарлы, өзіңе бір қуаныш ұялатқандай. Қаламыз күннен-күнге алға жылжуда. Қала орталығы да, шеті де құрылыс үстінде. Саябақтарда ағаштар отырғызылып, жастар дем алатын орындар пайда болуда. Қала көшелері де тазарып, гүлзарлар күтулі, қарай берсең – көз тоймас, жаза берсең – сөз жетпес. Әрине, басқа әсем қалаға жете алмас, алайда өз туған қалам бәрінен де көрікті, бәрінен де ыстық болып тұрады. Жазғы демалыста басқа қалаға барып қыдырып қайтамын, бірақ өз қалама жеткенше асығамын. Қазіргі қаламыз мүлде басқа қала, әсем де көрікті қала!

4,8(14 оценок)
Ответ:
NeviL1488
NeviL1488
19.04.2020

Қалалар бірден бой көтермейді. Оның құрылуы үшін ондаған, жүздеген, мыңдаған жылдар қажет. Сырт келбетін өзгертіп, уақыт талабына сәйкес дамиды. Әр ұрпақ оның жылнамасына өз үлестерін қосып, болашақты болжайды...

Астананың тұңғыш мерейтойы да он жылдықтармен емес, керісінше, ғасырлар бойғы ауыр сынақтар, үлкен жетістіктер, есте қалатын оқиғалармен өлшенетін өзіндік күрделі тарихқа бай.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімі қаламыздың тарихын түбегейлі өзгертіп жіберді. Кеңес Одағы ыдырап, елдің бәрі жұмыссыз қалып, ел енді ғана еңсесін көтере бастаған тұста бұл шешім үлкен сынға ұшырады.

Алайда, алғашқы он жылдың өзі осы шешімнің арқасында Қазақстан картасында бүкіл әлем тамсанатын, еліміз боп мақтанатын қаланың пайда болғанын көрсетті.

Қазақстанның жаңа астанасы бейнесінде саяси, рухани және пәлсапалық мән жатыр. Бұл - жай ғана мегополис емес. Бұл – мемлекетіміздің қайта жаңғыруы. Астана қазақстандықтардың арманы, мақсаты, болашағы мен үміті байланысқан қалаға айналған.

4,4(48 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
крыня1
крыня1
19.04.2020
Сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып айтылу зандылығын буын үндестгі дейміз. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке буындардан құралған. Сонымен бірге қазақ тілінде сөз ішінде жуан, жіңішке дыбыстар араласып келеді. Бұндай ерекшелік төмендегідей жағдайларда:
1)   басқа тілдерден енген сөздерде (кітап, муғалім, кадір, анекдот т.б.);
2)   біріккен сөздер мен қос сөздерде (бойжеткен, қыз-келіншек, ба з, зкогары-төмен т.б.) кездеседі. Бұл сөздерге қосымша соңғы буынға қарай жалғанады (бойжеткен-ді, кітап-тың, қыз-келіншек-тер, ба з-де).
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар 
Қазіргі қазақ тіліндегі мынандай қосымшалардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.
1)   Көмектес септік жалғауы: дon-пен, өзен-мен т.б.
2)   -хана, -стақ -кент, -күнем: дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-кунем т.б.
3)  -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй, -кеш, -yap: калам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, бата-гөй, қазақ-уар, сөз-уар т.б.
4)   -ов, -ев, -ик Сейсенбеков-тің, Алмабаев-тың т.б. Мүнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.
5)   Қазак тілінде баска тілден енген сөз алдынан қосылатын бей-, би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды: бей-берекет, бей-бастық, бей-бақ, бей-шара (би-шара), бей-тарап т.б.
Мекен үстеу, қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артынан орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті т. б.
Мекен үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
Дукенде
Дукенде кассир қыз:
- Сізге пакет керек пе?
- Иа, керек.
- устайтынымен ба?
- Журетінімен болса, йге дейін өзі баратын...
1993 жылдың қарашасында тенгені айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.
Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.
Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді.
Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.
Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
4,5(57 оценок)
Ответ:
vhidfhv132
vhidfhv132
19.04.2020

Қыстырма сөздерді қатыстырып, асық тақырыбына әңгіме құрау.

Әрине, әрбір мектеп оқушысы жазғы демалысын асыға күтеді. Менің ойымша, оның өзіндік себебі де бар – күні бойы алаңсыз аулада достармен ойнау. Сонымен, жазғы демалыс та басталып кетті. Біздің ауланың ер балалары топтасып, асық ойнағанды жақсы көреміз. Меніңше, бұл ұлттық ойынды әрбір қазақ баласы ұнатады. Демалыстың кезекті күні Самат, Еркебұлан, Аспандияр және мен асық ойнамақшы болдық. Ауланың ортасында төртбұрыш сызып, бір жағына асықтарды тізіп қойдық. Әрқайсымыз екі асықтан шығаратын болып келістік. Біздің ауламыздың ойын ережелері бойынша кімнің сақасы табанмен түссе, сол ойынды бірінші бастайды. Сөйтіп, кім бірінші бастайды деп тұрғанда, Аспандияр екеуміздің сақамыз табандап түсіп, екеуміз тағы да асық аттық. Қысқасы, менің жолым болып, мен бірінші жүріске ие болдым. Уақыттың қалай зулап өткенін де байқамай қалыппыз, сірә, ойынның қызығына кіріп кеткенбіз ғой. Бір атқанда асығымыз алшысынан түсіп жатса, енді келесі жүрісіміз сәтсіз аяқталып жатты. Сөз жоқ, өте тартысты ойын болды. Дегенмен, осы жолы Еркебұланның жолы болып, тігілген асықтардың барлығын қанжығасына байлады. Түскі асымызды ішіп алып, тағы да ойнауға келісіп, үйімізге тарадық.

4,8(73 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ