Тіл – адам өміріндегі ең маңызды құралдардың бірі. Себебі тілдің қолданыс аясы өте кең. Әрбір ел, әрбір ұлт өз тілін қадірлейді, құрметтейді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі - қазақ халқының рухани, мәдени байлығы, баға жетпес құнды қазынасы.
Қазақ ақыны М.Жұмабаев: "Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады" – деген. Сондықтан, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген сөзі өте орынды айтылған. Тіл арқылы өнер-білім, мәдениет, қоғам дамиды. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді.
Бүгінгі күні еліміз дамыған елдермен терезесі теңеліп, рухани жаңғыруға алған бағытында мемлекеттік тілдің мәртебесіне, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға аса мән беріп келеді. 2011 жылдан бері "Тілдерді қолдану мен дамытудың арнайы бағдарламасы" қарқынды жүзеге асырылуда. Барлық мемлекеттік органдарды құжат айнылым 100 пайыз қазақ тілінде жүргізілуде. Күннен күнге мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғарылап, қолданыс аясы кеңейіп келеді. Бүгінде қазақ тілі – татулығымыздың тірегіне айналғаны рас.
Сондықтан әрбір азамат мәңгілік еліміздің сарқылмас байлығы – қазақ тілін көзінің қарашығындай сақтап, құрметін арттырса, ұлтымыздың болашағы жарқын болары анық.
Объяснение:
Жаңа ғасырда жаңа мемлекет құрған Қазақстан үшін биылғы жыл табыстар мен жетістіктердің, оң өзгерістер мен мерейлі тойлардың жылы болып отыр. Солардың ішінде Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы сынды ауқымы кең, мағынасы терең даталы мерекелердің алатын орны ерекше.
Осындай тарихи кезеңде елімізді әлем таныған өркениетті мемлекеттер қатарына қосып, халқымыздың еңсесін көтеріп, мерейін үстем еткен – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деп атауды ұсынуы ұлтымызды тағы бір тарихи белеске шығарды. Бұл ұсыныс қазақстандықтармен қоса алыс-жақын шет мемлекеттерде тұратын қандастарымыздың тарапынан да айрықша қолдауға ие болды.
Арман кара блузка кип алды