Қандай да болмасын коғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал тәртіптің бастауы — әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. Сол себепті де "Адам әдепті болуға тиіс" деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқгырады. Өйткені тәртіп — әдептің бір түрі. Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам. Әдепті адамдар - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы да бақуатты болады. Бір адамның қандай да бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын келтіреді. Халыктың: "Бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",- дейтіні сондықтан болса керек. Әдеп белгілі бір коғамның рухани кажеттігі негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын адамдарды біріктірудің куатты құралы қызметін атқарады. Демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс-қимылды ажарландыратын тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық. құрал. Сондыктан да адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді. Халық: "Жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе білерсің",— деп бекерге айтпаған ғой. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.
Мен 11 сынып оқимын.Және менің ойымша менің сыныбым -ең керемет!!Бәрі өте сыпайы,үлгілі болғандықтан мен оларды бағалаймын.Бәріміз әртүрлі болғанымызбен,іштей бір-бірімізге ұқсаймыз.Менің сыныбымда 11 оқушы.Сен өз сыныбымды досшыл деп,мақтанышпен айта аламын,олар бір-бірін қорламайды,ьір -біріне тиіспейді.Біздің сынып досшыл.Біздің сыныпта бәрі бір-бірін түсінеді,қиындықта көмектеседі.Біздің сынып неше-түрлі конкурстарға қатысады,тіпті біз жеңбесек те.Біздің сынып бір-біріне қонаққа барып тұрады,бір-біріне кещ келген қиындықта кездеседі.Ең бастысы осы осы емес пе?!Біздің сынып көңілді қуанышты.Біздің достығымыз-таза,сенімді және әр уақытта тексеріліп тұрады.Мен достарыма сенемін.Және осы шығармны жаза отырып менің айтқым келеді...Мен жазда достарымды қатты сағынамын.,бірақ кейде біз қыдыру үшін кездесіп тұрамыз