ответ:Қариясы бар үйдің қазынасы бар,-деп бекер айтылмаған. Менің отбасым- үлкен отбасы. Отбасының тірегі атам мен әжем. Мен әжем туралы айтпақпын. Менің әжем отбасының ұйытқысы, ақылшысы, өте мейірімді жан. Атамның өзі көп істерді әжеммен ақылдасады. Әжем ешқашан дауыс көтеріп, айқайламайды, жәй ғана ақылын айтып, дұрыс істемеген істерімізді жөнге салады. Әжем салт-дәстүрді, мақал- мәтелдерді көп біледі. Қажет жағдайда сол мақал-мәтелдерді орнымен қолданып, мағынасын түсіндіреді. Әжем ою-өрнек салып кілем тоқиды. Қолын тігін тігу, тоқу бәрі келеді. Біз анам екеуміздің әжемнен үйренгеніміз көп, ал үйренеріміз одан да көп. Әжетайыма көр рахмет.
Менің атым- Мен Павлодарда тұрамын. Павлодар- ең әдемі, үлкен, тамаша және ғажап қала. Ол біздің атамекеніміз, туған жеріміз, анамыз және кіші Отанымыз. Мұнда көркем жерлер көп. «Павлодар- суретшілердің қаласы»- деп айтады. Қаланың тұрғындары мейірімді, жақсы, қызық адамдар. Біздің қаламызда көп ғимараттар, дүкендер, мектептер бар. Павлодардың акімі- Бакауов Булат Жұмабекұлы. Қаланың қасында Ертіс өзені бар. Павлодарда адамдар орыс, ағылшын, қазақ тіліндерде сөйлейді.Біз қазақ тілін қадірлейміз. Қазақ тілі- өте әдемі, бай тіл. Павлодарда көп адамдар қазақ тілінде сөйлейді, оны біледі.
Біз- туған жерімізді өте қатты сүйеміз! Біз- кіші Отанымызды мақтан етеміз! Біз- Павлодардың тұрғындарымыз! Біз- бақытты адамдармыз! Біздің жеріміздің жуасы да тәтті! Атамекенді жақсы көреміз!
Қазақ халқының әр отбасында әженің орны ерекше әрі қастерлі.Сан тараулы тарихымызда Домалақ ана,ұлы ақын Абайдың әжесі Зере,Айғаным секілді әжелеріміздің бейнесі өшпес мұра.Сондай әжелердің бірі - Елдостың Нағима есімді асыл әжесі.Елдос жанұяның тұңғышы болғандықтан,кішкентайынан Нағима әженің қарауында болды.Әжесі оған ес жиып,әр нәрсеге қызыға бастағанында ертегі,аңыз-әңгімелер айтып беретін.Міне,сол әже тәрбиесін көрген Елдосты ауылда озат оқығаны үшін қаланың бір мектеп-интернаты оқуға шақырды.Елдос жақындарының рұқсатымен қазіргі таңда сол жерде білімін жалғастыруда.
Оқушылар үшін қысқы демалыс та келіп жетті.Елдос ызғарлы боранның әсерінен ауылға апарар тас жолдың жабық екендігін естіп тұнжырап отыр.Не дегенменде,асыл әжесін көрмегеніне біраз болды.Көңілсіз ұйықтаған Елдос таң ата төсегінің жанында отырған сүйікті әжесін көріп орнынан атып тұрды.Нағима әже немересіне ауылдан құрт пен майын,өз қолымен тоқыған жүн шұлық,кеудешелер алып келіпті.Ал Елдосқа әжесінің алыстан ат терлетіп келгенінің өзі жетіп жатқан еді.