Су – тіршілік көзі Дана халқымыз тіршіліктің көзіне суды балап, қалт айтпаған. Сусыз бір күн де өмір сүре алмасымыз анық. Ал, енді, суға бай жерімізге тарихи беттерді парақтап деректерге көз салайық. Қарағанды облысы аймағында 1600-ге жуық көл бар екен. Үлкен тұйық ойыстардағы көлдер беткі және жер асты су ағындарының негізі болып саналады. Облысты сумен тұрақты қамтамасыз етуде су қоймалары Самарқан (Нұра өзені), Шерубай – Нұра, Кеңгір, Жезді өзендері бар. Кіші өзендерде де көптеген тоғандар жеткіліксіз болғандықтан жер асты суларының маңызы зор. Әр түрлі тереңдікте, яғни, 10-100м аралығында еспе су көздері мол. Облысымыздың барлық аймағында 200-600м жер қыртысы қабаттарында көзі тереңде жатқан жерасты сулары кең таралған. Еуразия кіндігінде орналасқан Ұлытау ішкі суы тұйық алапта жатыр. Алпыс төрт сала Торғай мен отыз төрт сала Кеңгір өңір халқының суға деген қажетін өтеп отыр. Ұлытау жерінің өзендері қар, жер асты суларымен және атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Өзен арналары қар еріген кезде ғана толығып тасиды. Су тасқыны сәуірдің екінші, мамырдың бірінші жартылары аралығында болып өтеді. Осы кезде өзендердің жылдық қорының 80-90 пайызы ағады. Қаракеңгірдің, Сарыкеңгір, Жезді өзендері Сарысуға сала боп құяды. Тұщы судың сенімді көзі – жер асты суларының мол қоры. Жер асты сулары әр түрлі тереңдікте жатыр. Сарысу – Бетпақдала (қоры 206 млрд текше метр), Мыңбұлақ (қоры 180 млрд текше метр), Ұлытау (қоры 30 млрд текше метр). Осынау кең байтақ жерде бұлардан да басқа Ащыкөл, Барақкөл, Дәнсары, Обалы, Қоскөл, Бозбайтал, Бұршақтыкөл және тағы басқа ондаған көлдер бар. Көлдер шаруашылық маңызға ие. Көпшілігінде олардың жағалаулары шабындық болып келеді. Өңірдегі су қоймалары көктемгі қар суын жинап, оны шаруашылық қажетке тұрақты түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Ең ірісі – Кеңгір су қоймасы екен. Иә, осынша кең, байтақ даламызда мемлекетіміздің өзге жерін былай қойғанда, орталық өңірде қаншама баға жетпес байлық бар! Тілерсегің майысып, иінағашты мойныңа асып алып, елді мекеннен жырақта орналасқан құдық, бұлақтардан су тасу – бүгінгі күннің адамдарына жат шаруа. Себебі, мына өркениетіміз дамыған кезеңде ауылдық жерлерде де су үйге дейін келетіндей құбыр тартылған. Ал, қала тұрғындары үйде отырып-ақ бір тетікті бұрап ыстық су ағыза алады. Әрине, мұның бәрі адамның игілігі үшін жасалынған дүниелер. «Судың да сұрауы бар» дегендей, су сарқылмасын, тоқтамасын, азаймасын, солмасын десек, қандай қам жасап, ненің алдын алып, алдымызды қалай қамсыздырып қоюымыз керек? Суды тиімді, кеңінен және шаруашылықта қолдану үшін ірі гидротехникалық құралдар мен су есептегіштерін орнатумен жоғары жақтағылардың айналысары анық. Ал, қарапайым халықтың ұстанары біреу-ақ. Ол – суды ысырап етпей, шашып-төкпеу. Ас үйде, жуынатын бөлмеде «су үйге келіп тұр» деген түсінікпен мөлшерден тыс шашып-төгу кімнің отбасында болсын кездеседі. Көзіңізге өзен-көлдердің азайған, солғанын елестетіп көріңізші! Аллаһтан су сұрап, тасаттық беру ше? Сусыз қалған қала мен дала! Сұмдық, мұндай жағдайға жете көрмейік! Суды есепсіз құрта берсек, осыған жетуіміз де әбден мүмкін-ау… Бүкіл тіршілік иелерінің мекені біреу-ақ, ол – жер шары. Жер шарының ¼ бөлігін құрлық алып жатса, ¾ бөлігін су алып жатыр. «Жаздың қыс болғанынан, қыстың жаз болғанынан сақта» деген, жазда судың мол болуын, ал қыста Бұтаға жабу кидірген, Боранға қарын үйдірген, Қыздың бетін қызартқан, Мұздың бетін ұзартқан қызыл шұнақ, қатал қыстың тілеуін тілеген ұрпақпыз. Қыста қар мол түссе, жазда мол жауын жауса, табиғат өз заңдылықтарын жоғалтпаса, осының бәріне адамның «тырнағы» батпаса, болашаққа нық сеніммен, мұрамен қадам басамыз деп ойлаймын. «Суды шашып-төкпеу», «суды тиімді пайдалану» деген қағиданы балабақшадағы баладан, еңкейген қартқа дейін ұстанса екен. Шылым, сыра, арақ-шарапты жарнамалағанша, суды тиімді пайдалану, табиғатты қорғау секілді жайттарды ұғындыратын жарнамалар дүкенде, көшеде, кез-келген жерде тайға таңба басқандай көрсетілсе жақсы болар еді. Мемлекетіміздің басты тірегі экономика болса, оның бір жағын су қоры түзеді. Еліміз әлемге танымал болуы үшін, оның байлықтары мол болуы керек. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар қорын қорғау әр азаматтың міндеті екенін ұмытпағайсыздар! А.Шакина, С.Сейфуллин атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Березовый лист молодое сердце!В обмен на свою жизнь.Вы начинаете быть человекомИ береза, будет.Согласны ли вы с молодой березы?(Вы можете увидеть, может быть, к кому неприличия.)Дай мне жизнь!Паника в мире,По соседству с человеческим глазом.Как березы и безопасности,Exists в лесу.Неизвестный мне жизнь,Березовые глаза.Вы получили от источников вЯ получил здесь в питательных веществах.Раненный, для вас,Я один.Язык, вы живете березы,Разница между людьми.У меня есть только одно сердце.Told тысячи сердцаДо тех пор -В следующий раз тот же возраст.У меня есть только одно сердце,Он не умрет навсегда уйти.'М в вас: меч тысяч сердца,Грин пришел к веснеDürwrep живых.Сердечные молодые листья березы!В обмен на наши души?Если вы как человеческое qasqayıpQasqayıp, как береза,Валютный риск.Продолжает житьОна схватила землю,Однажды, человек, а не березы,Пусть жизнь ...
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. А ң татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
Дана халқымыз тіршіліктің көзіне суды балап, қалт айтпаған. Сусыз бір күн де өмір сүре алмасымыз анық. Ал, енді, суға бай жерімізге тарихи беттерді парақтап деректерге көз салайық. Қарағанды облысы аймағында 1600-ге жуық көл бар екен. Үлкен тұйық ойыстардағы көлдер беткі және жер асты су ағындарының негізі болып саналады. Облысты сумен тұрақты қамтамасыз етуде су қоймалары Самарқан (Нұра өзені), Шерубай – Нұра, Кеңгір, Жезді өзендері бар. Кіші өзендерде де көптеген тоғандар жеткіліксіз болғандықтан жер асты суларының маңызы зор. Әр түрлі тереңдікте, яғни, 10-100м аралығында еспе су көздері мол. Облысымыздың барлық аймағында 200-600м жер қыртысы қабаттарында көзі тереңде жатқан жерасты сулары кең таралған. Еуразия кіндігінде орналасқан Ұлытау ішкі суы тұйық алапта жатыр. Алпыс төрт сала Торғай мен отыз төрт сала Кеңгір өңір халқының суға деген қажетін өтеп отыр. Ұлытау жерінің өзендері қар, жер асты суларымен және атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Өзен арналары қар еріген кезде ғана толығып тасиды. Су тасқыны сәуірдің екінші, мамырдың бірінші жартылары аралығында болып өтеді. Осы кезде өзендердің жылдық қорының 80-90 пайызы ағады. Қаракеңгірдің, Сарыкеңгір, Жезді өзендері Сарысуға сала боп құяды. Тұщы судың сенімді көзі – жер асты суларының мол қоры. Жер асты сулары әр түрлі тереңдікте жатыр. Сарысу – Бетпақдала (қоры 206 млрд текше метр), Мыңбұлақ (қоры 180 млрд текше метр), Ұлытау (қоры 30 млрд текше метр). Осынау кең байтақ жерде бұлардан да басқа Ащыкөл, Барақкөл, Дәнсары, Обалы, Қоскөл, Бозбайтал, Бұршақтыкөл және тағы басқа ондаған көлдер бар. Көлдер шаруашылық маңызға ие. Көпшілігінде олардың жағалаулары шабындық болып келеді. Өңірдегі су қоймалары көктемгі қар суын жинап, оны шаруашылық қажетке тұрақты түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Ең ірісі – Кеңгір су қоймасы екен. Иә, осынша кең, байтақ даламызда мемлекетіміздің өзге жерін былай қойғанда, орталық өңірде қаншама баға жетпес байлық бар! Тілерсегің майысып, иінағашты мойныңа асып алып, елді мекеннен жырақта орналасқан құдық, бұлақтардан су тасу – бүгінгі күннің адамдарына жат шаруа. Себебі, мына өркениетіміз дамыған кезеңде ауылдық жерлерде де су үйге дейін келетіндей құбыр тартылған. Ал, қала тұрғындары үйде отырып-ақ бір тетікті бұрап ыстық су ағыза алады. Әрине, мұның бәрі адамның игілігі үшін жасалынған дүниелер. «Судың да сұрауы бар» дегендей, су сарқылмасын, тоқтамасын, азаймасын, солмасын десек, қандай қам жасап, ненің алдын алып, алдымызды қалай қамсыздырып қоюымыз керек? Суды тиімді, кеңінен және шаруашылықта қолдану үшін ірі гидротехникалық құралдар мен су есептегіштерін орнатумен жоғары жақтағылардың айналысары анық. Ал, қарапайым халықтың ұстанары біреу-ақ. Ол – суды ысырап етпей, шашып-төкпеу. Ас үйде, жуынатын бөлмеде «су үйге келіп тұр» деген түсінікпен мөлшерден тыс шашып-төгу кімнің отбасында болсын кездеседі. Көзіңізге өзен-көлдердің азайған, солғанын елестетіп көріңізші! Аллаһтан су сұрап, тасаттық беру ше? Сусыз қалған қала мен дала! Сұмдық, мұндай жағдайға жете көрмейік! Суды есепсіз құрта берсек, осыған жетуіміз де әбден мүмкін-ау… Бүкіл тіршілік иелерінің мекені біреу-ақ, ол – жер шары. Жер шарының ¼ бөлігін құрлық алып жатса, ¾ бөлігін су алып жатыр. «Жаздың қыс болғанынан, қыстың жаз болғанынан сақта» деген, жазда судың мол болуын, ал қыста Бұтаға жабу кидірген, Боранға қарын үйдірген, Қыздың бетін қызартқан, Мұздың бетін ұзартқан қызыл шұнақ, қатал қыстың тілеуін тілеген ұрпақпыз. Қыста қар мол түссе, жазда мол жауын жауса, табиғат өз заңдылықтарын жоғалтпаса, осының бәріне адамның «тырнағы» батпаса, болашаққа нық сеніммен, мұрамен қадам басамыз деп ойлаймын. «Суды шашып-төкпеу», «суды тиімді пайдалану» деген қағиданы балабақшадағы баладан, еңкейген қартқа дейін ұстанса екен. Шылым, сыра, арақ-шарапты жарнамалағанша, суды тиімді пайдалану, табиғатты қорғау секілді жайттарды ұғындыратын жарнамалар дүкенде, көшеде, кез-келген жерде тайға таңба басқандай көрсетілсе жақсы болар еді. Мемлекетіміздің басты тірегі экономика болса, оның бір жағын су қоры түзеді. Еліміз әлемге танымал болуы үшін, оның байлықтары мол болуы керек. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар қорын қорғау әр азаматтың міндеті екенін ұмытпағайсыздар! А.Шакина, С.Сейфуллин атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.