Александрия кітапханасында 700 мыңға жуық том (орам) кітап болған. Онда көшірушілер тобы жұмыс істеді. Қолжазбалар кітапхана ғалымдарының сынынан өткізіліп, өңделіп отырылған. Александрия кітапханасының қорын жинау, сақтау шеберлігі жоғары дәрежеде болғандығын Каллимахтың библиография каталогы дәлелдейді. Александрия кітапханасында гректің әдеби, ғылыми шығармаларынан басқа шығыс әдебиетінің шығармалары да сақталған. Еуропа мен Ресейде жарық көрген кейбір тарихи оқулықтарда Александрия кітапханасын Халифа Әмірдің өртегендігі туралы негізсіз тұжырымдар бар. 1933 жылы М.Шоқай: “Мәскеу большевиктері Искандерия кітапханасын Халифа Әмір тарапынан өртелгенін айта отырып, Иран, Түркия және Ауғанстан халықтарын надан, жабайы етіп көрсетуді мақсат етіп отыр” деп жазды “Яш Түркістан” журналында
- Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп.
Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен
беріп тұрып айтты:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құры боласың- деді.