Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі.
Қашықтықта оқыған жақсы жəне бір зияны бар. Бір зияны біз сабағымызды соткамызға қарап отырсақ, көзіміз ауырып қалады. Жəне өзіміздің достарымызды көре алмаймыз жəне үйде ішіміз пысады.Егерде біз қашықтықта оқымасақ, мектепке барып, достармызбен ойнап, өзіміздің апайларымызды көруші едік. Ал бір жақсысы қашықтықта оқығанымыз жақсы болды. Себебі біз қашықтықтан оқымасақ, сабағымызды мүлдем орындамайтын едік. Ал сабақ қарамасақ кітап оқымай түкте білмеуші едік. Міне қашықтықтан оқудың жақсысы мен зияны.