М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Учен586
Учен586
22.10.2021 09:06 •  Қазақ тiлi

Сочинение по пословице : уй -базар, уй -ку мазар.

👇
Ответ:
Дурачок225
Дурачок225
22.10.2021

«Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар» шағын шығарма.

Қазақ халқы баланы ерекше жақсы көріп, бала десе барын беретін бауырмал халық саналған. «Бала адамның бауыр еті, көз нұры» деген мақал осының айғағы іспеттес. Бала – өмірдің жалғасы, ата – ананың перзенті, отбасының қызығы мен шыжығы. Балалы болып, перзенр сүю – Жаратушының берген сыйы.

Үйге іңгалап сәби келген күннен бастап, отбасының үйреншікті тәртібі мен түгел өмірі толықтай өзгереді. Бір отбасының тұрмыс – тіршілігі осы бір кішкентай періштенің айналасында болады. «Не пайда» атты термеде тіпті «Бұл жалғаннан не пайда, бұзығың шулап жатпаса» демекші, балалы үй қызыққа, қуанышқа, шаттыққа толы екендігі баршаға мәлім. Кішкене сәбидің күлкісінің өзі дүниедегі бар байлықты алмастыра алады десем, артық айтпаспын. Оның әр қылығы шаршағаныңды басып, көңіліңе жылылық ұялатады. Дегенмен, мұндай қуаныштың барлық отбасында бола бермейтіні өкінішті - ақ, әрине. Өмірде баласыз өтіп, сәби иісін аңсау  ең үлкен бақытсыздық сияқты. Сондықтан да халық баласыз үйді қу мазарға теңеген болар.

Бала жоқ отбасылар Құдайдан жалбарынып бала тілеп, ар бұл тілектері орындалғанда тіпті қуаныштан жүректері жарылып кетердей күй кешетін болған. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп, әлпештеп өсірген.  

4,4(30 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
loptf
loptf
22.10.2021
Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзеніні бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған
4,7(87 оценок)
Ответ:
12356гад
12356гад
22.10.2021

Спорт-денсаулық кепілі

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген.

Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Күнде тәңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын.

Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Денсаулық-зор байлық.Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу

4,6(59 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ