Көмекші есімдермен сөйлемдер.
Мектептің қасындағы кішігірім дүңгіршіктерден оқушылар сабақ алдында, не сабақтан соң тәттілер сатып алады.
Әне – міне дегенше жаздың да ортасы болып қалыпты...
Әдетте балалармен жолға шыққан жолаушылар үстіңгі орындарын ауыстырып алуға тырысады.
Үстелдің астында жатқан ойыншық сенің күні бойы іздеп жүргенің емес пе?
Оқушылар демалысқа шығысымен мектептің іші тым – тырыс болып қалады.
Ұялы телефоныңыз желіні көрсетпей тұрса, ауылдың шетіндегі қырға шығып көріңіз.
Қырда әдетте қыруар мал болады.
Мәтіннің аты: Отбасындағы тәрбие.
Сұрақтар:
1. Қазақ отбасында балаларды қалай тәрбиелеген?
2. Отбасында өнегелі тәрбие алған бала қандай болып өседі?
3. Әке мен ананың балаларына қоятын басты талап-тілектері қандай?
"Отбасында" сөзінің фонетикалық талдауы.
Отбасында - 4 буын: от – тұйық, ба – ашық, сын – бітеу, да - ашық.
О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;
Т - дауыссыз, қатаң;
Б – дауыссыз, ұяң;
А - дауысты, жуан, ашык, езулік;
С - дауыссыз, қатаң;
Ы - дауысты, жуан, қысаң, езулік;
Н - дауыссыз, үнді;
Д - дауыссыз, ұяң;
А - дауысты, жуан, ашык, езулік
Сөзде 9 әріп, 9 дыбыс бар.