Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. әстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінніңалғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ.Олар азайып, жылдар өткенсоң, мүлдем құрып кету қаупі туады. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұруы үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз. Қайткен күнде де табиғат өзіннің табиғи қалпын сақтауы қажет.өзімізді қоршаған табиғи ортаны, табиғатты аялай құрметтеп, тани білейік. Қорықтарға барғанда ешбір аңға, құсқа тиіспей, гүлдер мен өсімдіктерді жұлып, таптамау керек. Табиғатты ар-ожданы таза, саналы адамдар ғана қорғай алады.Елімізде табиғат байлығын: ормандар мен өсімдіктерді, жануарлар мен аң-құстарды қорғап, сақтайтын қорықтар көп)