Қазағым менің! Мен саған ғашықпын, туған жерім. Сенің әр тауыңа, өзеніңе, ойығың мен қиығыңа, суыңа, жан-жануарыңа ессіз ғашықпын. Сол белестерде тұратын қазақ атаулы халықты да сүйемін! Бар бауырларымды, аға-қарындастарымды қадірлеймін, пір тұтамын. Бізді қорғап, жеріміз үшін күрескен батырлар мен қайраткерлерге махаббат деген бір төбе. Олар қандай батыл десеңші! Қазіргі тыныш өміріміз, ашық аспанымыз солардың арқасы ғой. Біресе жоңғарға қарсы, біресе оң жақтағы қытайға, біресе солтүстіктегі орысқа қарсы айқасқан біздің момын халықтың, айтар тарихы, паш етер құпиялары, сыр шертері өте-өте көп. Әй қазағым-ай, сол оқиғаларды үнемі есте сақтап, жүректе намыс пен рухты ұстап, тәуелсіздіктің құнын білгейсің!
Оқушылар, ертең сенбілікке барлығың келіңдер. Сенбілікте аула тазалаймыз. Әр сынып өзіне бөлінген жерді тазалайды, сенбіліктен соң мектеп директоры тексереді. Келесі сенбілікте гүл, ағаш отырғызамыз. Сенбілік туралы бәріңе түсінікті ме? Сабақты бәрің түсіндіңдер ме, кімге көмек керек? Балам, мына заттарды көтеруге көмектесші. Қариялар жолдан өтерде сендерден көмек керек. Мен інімнің сабағына көмектестім. Атам әкеме машина жөндеуге көмектесті. Менің достарым көп. Мен барлық достарымның ата-анасын танимын. Менің басқа қалада достарым бар. Ол достарыммен скайпта хабарласамын. Жақында ол достарым маған қонаққа келеді. Олар келгенде көңілді болады деп ойлаймын. Олардың өзі көңілді балалар. Осы жақтағы достарым бар барлығымыз көңілді өткізуге тырысамыз. Біз демалысты қалай көңілді өткізуге болатынын жоспарлаудамыз. Демалыс көңілді өтетініне сенімдіміз.
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді. Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады. Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді. Сонда досы: «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.
Мен саған ғашықпын, туған жерім. Сенің әр тауыңа, өзеніңе, ойығың мен қиығыңа, суыңа, жан-жануарыңа ессіз ғашықпын. Сол белестерде тұратын қазақ атаулы халықты да сүйемін! Бар бауырларымды, аға-қарындастарымды қадірлеймін, пір тұтамын. Бізді қорғап, жеріміз үшін күрескен батырлар мен қайраткерлерге махаббат деген бір төбе. Олар қандай батыл десеңші! Қазіргі тыныш өміріміз, ашық аспанымыз солардың арқасы ғой. Біресе жоңғарға қарсы, біресе оң жақтағы қытайға, біресе солтүстіктегі орысқа қарсы айқасқан біздің момын халықтың, айтар тарихы, паш етер құпиялары, сыр шертері өте-өте көп. Әй қазағым-ай, сол оқиғаларды үнемі есте сақтап, жүректе намыс пен рухты ұстап, тәуелсіздіктің құнын білгейсің!