1.Қазақ елінің ұлттық кітапханасы қазақ халқының ұлттыцқ мәдениниетінде қандай рөл атқарады?қазақ зиялыларын тәрбиелеуде және жұмысшы қауымының мәдени сұраныстарын қанағаттандыруда аса маңызды роль атқарады.
2.Жыл сайын кітап қорына қанша басылымдар түседі?150-160 мыңдай әр түрлі басылымдар келіп түседі.
3.Зерттеушілерді сирек кітап қорында не қызықтырады?Зерттеушілерді сирек кітап қорындағы 25 мыңнан асатын қазақ, орыс, шығыс тілдеріндегі және Батыс Европа халықтарының ҮІ, ҮІІІ ғасырлардағы және ХІХ ғасырдың басындағы кітаптар мен қолжазбалар қызықтырады.
Негізгі ақпарат: Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны. 1948 жылы
дүниежүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан
жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап»
деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды.
Қосымша: «Қызыл кітапқа» құлан, арқар, дуадақ, сонымен бірге барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр,
жабайы қызғалдақ т.б. аңдар мен құстар, өсімдіктер кіреді. Бүгінгі күні Қазақстанның «Қызыл кітабына»
балықтар,қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер, өсімдіктер енгізілді. Қызыл кітапқа
мәңгілікке жойылғандар жазылады. Олар: дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт.
Жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады.
Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек!
Қазақстанда он қорық бар. Олар: Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, Батыс
Алтай, Алматы, Марқакөл, Алакөл, Қаратау.