«Абайды оқы, таңырқа...» - 1993 ж. «Ана тілі» ба жарық көрген жинақ. Ұлы ақынның туғанына 150 ж. толуы қарсаңында шығарылған. Құрастырған, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған - Мекемтас Мырзахметов.
Жинаққа Ә. Бөкейханов, Дж. Кеннан, Зейнелғабиден ибн Әмре, К. Ысқақұлы, А. Белослюдов, А. Байтұрсынов, Н. Рамазанов, М. Дулатов, Н. Төреқұлов, Т. Шоканов, Б. Күлеев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ы. Жансүгіров, Ғ. Сағди сияқты зерттеушілер мен ақын-жазушылардың Абай шығармалары туралы әр кезде жазған мақалалары енгізілген. М. Жұмабаевтың «Алтын хакім Абайға» деген өлеңі берілген. Оқырман қауым жинақтың алғашқы және соңғы беттеріне қосымша ретінде ұсынылған ақынның Арғыннан басталатын ата тегінің тізбегімен таныса алады.
Айтыс - халық мұрасы.
Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте айтыстың алар орны ерекше.
Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай салт – дәстүрімізді дәріптеп, одан әрі жалғастыру керек.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдары ұмыт болып бара жатқан өнер халыққа қайта қызмет көрсете бастады. Жалпы, Тәуелсіздікті дайындаған айтыс өнері болды деп айтсақ артық емес. Сонау советтік дәуірде халықты оятып, рухын көтерді. Сөйтіп, 80-ші жылдары алысқа бармайды деген өнер ХХ ғасырда өз дамуын тапты. Сосын осыншама жылдар аралығында қайта жаңғырып, өнер ретінде өсті. Салыстырмалы түрде қарасақ, 80-жылдардағы айтыс пен қазіргі айтысты салыстыруға келмейді. Өйткені, қазір айтыстың көркемдік, интеллектуалдық деңгейі өсті. Айтыс өнерінің дәрежесі жазба поэзиямен бақталаса бастады. Айтысты көтеріп берген жекелеген азаматтар бар. Кешегі 80-ші жылдары Манап Көкенов, Қалихан Алтыбаев, Көкен Шәкиев, Тәушен Әбуова, Шынболат Ділдебаев деген сияқты ескінің көзін көрген ақындар болды. Енді солардың ізіне жастар ерді.