М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
вщылыл234
вщылыл234
04.06.2020 04:23 •  Қазақ тiлi

Менім отаным қазақстан. желательно с ! около 6

👇
Ответ:
vioren
vioren
04.06.2020
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда. 

Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.
4,8(73 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Shadow69moon
Shadow69moon
04.06.2020

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Киелі сандардың түп төркіні қайдан шыққанын және математикалық тілде талданғанын қарастырайық. 3, 4, 5, 6, 7, сандарының қадір – қасиетін біле отырып,әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. 1001 – даңқы шыққан Шехеризада саны.

Мысалы: қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы - тұяқ, сөз анасы – құлақ.

Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық.

Үш қасиет: Өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет.

Үш талғам: Мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат.

Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

Үш тәтті: Жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.

Үш қуат: Ақыл, жүрек, тіл.

Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл.

Жеті санының дүниежүзілік дәстүрде өте жиі, тұрақты да орнықты болып кездесетіндігін білеміз.

Жеті саны – қазақ үшін де киелі.

7 санына байланысты жеті жұт немесе жұт-жеті ағайынды. Олар – құрғақшылық, жұт (малдың қырылуы), өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну).

Жеті жоқ: жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.

Жеті қазына – ұрпақ жалғасы деп көрсетіледі еңбегінде. Сонымен қатар жеті жетім, жеті шәріп, жеті ата ұғымдарын түсіндіру студенттердің ой-өрісін, танымын кеңейтеді.

Жеті күн: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Жеті амал: Тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдың тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы.

Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы.

Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.

Тоғыз саны – әлдебіртолықтылықты, кемелділікті, түгелділікті білдіреді.

Қырық – көп жағдайда кез келген өлшемнің (уақыттың, кеңістіктің) ең шеткі, ең соңғы межесі, шебі, шекарасы. «Қырық» сөзі абак таңбадағы шеңбер сызығын білдірген. Сандық көрсеткіш бойынша берсек, 40 дегеніміз-кіндік нүкте. 40 санына байланысты қазақ халқының «қырқынан шығару», «қырқын беру». Дәстүріне келер болсақ «қырқынан шығару». Қазақта дүниеге келген бала 40 күндік уақыт өткенге дейін «әлі тумаған» болып есептелінеді: яғни, ол-әлі тумаған, ол-әлі өлі, тек 40 күн өтіп, 41-інші күн болғанда ғана ол «ресми түрде» дүниеге келеді. Осы уақыт ішінде нәрестені бөгде адамдарға көрсетпейді (тіл көзден сақтайды). Қырқынан шыққан соң арнайы жоралғы («қырқынан шығару», «ит көйлек») өткізіп, баланы, «өлілер дүниесінің қақпасын күзеткен итке» сыйлық беріп, бұ дүниеге шығарып алады.

Қырқын беру. Өлген адамды жерлегеннен кейін оның «үшін», «жетісін», «қырқын», «жүзін», «жылын» береді. Мұнда көрсетілген сандық көрсеткіштердің әрқайсысы-әлдебір тұтастықтың шекаралары, ал олар бір тізбек бойында қолданылған жағдайда, олардың әрқайсысы әлдебір тұтастықтың ішкі сатылары болып есептеледі. Өлген адамның жаны 40күн бойына бұл дүниеде жүреді де, тек 41-інші күн болғанда ғана, о дүниеге өтеді, яғни, «ит күзеткен қақпадан /көпірден өтеді», «иттің кейпіне енеді», «ит көйлегін қайта киеді».






4,4(84 оценок)
Ответ:
DreamEvilDead
DreamEvilDead
04.06.2020
Мен жазды қалай өткіземін
Ең ұзақ демалыстар ол жазда. Мектептен соң барлық балалар жазғы демалысқа жиналады. Отбасымен бірге сапарларға кетеді.
Жаз әліде жақын емес, бірақ мен жазғы демалысты  қалай өткізетінімді білем.
Жаздың бірінші айында қалада болам, қыдырам, өзімнің достарыммен әңгімелесем. Екінші айында КОНТИНЕНТ лагеріне барамын.Мен осы лагерьде алдын болғанмын  және маған анда өте ұнайды, анда өте қызық  және керемет ойын-сауық бағдарламалары бар.
Сосын біз Турцияға барғымыз келеді, Мен анда бірде бір рет болмағанмын және мен анда баруды өте қалаймын және жаңа бірдеңелерді білгім келеді.
Ең соңғы жаздың үшінші айында достарыммен және бір рет көңіл көтеруді қалаймын  сосын мектептің дайындығымен шұғылданамын.
4,6(20 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ