Бізді қоршаған табиғаттың, яғни орман, өзен – көл, тау жоталарының сұлулығы кімді болмасын қызықтырып, таң қалдырары сөзсіз.
Өкінішке орай, соңғы жылдары от қойнауындағы салақтықтан, табиғи өрттің саны көбейіп отыр. Өрт қашанда жақсылық әкелетіні белгілі, ол жолында кездескен ағаш, аң – құсты түгелдей жойып, соңы қайғылы оқиғаға соқтырып жатады.
Қазіргі уақытта орман алқаптарын қорғау және қалпына келтірудің көптеген маңызды мәселелерінің бірі орман өрттерімен күресу және облыстағы дала мен орман алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Объяснение:
вроде как то так
Арал теңізі - Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан әлемде төртінші орында болған еді... Бүгінгі күнгі технологияның тоқтаусыз дамуының бір шеті Арал теңізінің тартылуына да әкеліп соққандай. Кезінде Арал теңізі бірден бір көгілдір су айдыны-туғын. Шекаралас елдерді жалғап жатырған бұл алып теңізге су жіберетін Әмудария, Сырдария өзендеріне халықтың сұранысы артуының себебінен, сонымен қатар шаруашылыққа көптеп пайдаланылғанның салдарынан Аралға құйылатын судың қоры азайды. Сол себепті қазіргі таңда Арал теңізі аянышты халде. Бұл бүкіл әлемді толғантатын проблемалардың бірі. Бұл теңіздің тартылу себебі, адамдардың табиғатқа селқос қарауынан. Егер, ауыл шаруашылығна жіберілетін су көлемі есепке алынар болса, табиғаттың жағдайын ескермей, көптеп егіндер отырғызбағанда бұндай жағдай орын алмас та еді... Тартылу себебінен тұздары жылына 2 млн тоннадай көтеріліп, адам ағзасына зиян келтіруде. Бұл адам жасаған зиянды әрекеті өзіне кері айналып келгенінің бір белгісі, бұл да көтерілер үлкен бір мәселе. Сондықтан, алға қарай табиғаттың мол қазынасын тиімді пайдаланып, өзге де байлық көзімізді мұндай жағдайға жеткізбейік! Арал теңізінің қалпына келуіне, табиғатты аялап бәріміз ат салысайық!