Оңтүстік Қазақстан туралы.
Оңтүстік Қазақстан негізгі саяхат аймағы болып табылады. батыстағы Арал теңізінен шығыстағы Жетісу Алатауына дейінгі және солтүстіктегі Балқаш көлі мен Бетпақдала шөлінен Қазақстанның оңтүстіктегі шекарасына дейінгі үлкен алқапты алып жатқан өңір. Құрамына Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары жатады. Ірі қалалары - Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Талдықорған.
Оңтүстік Қазақстан өңірі - еліміздің аса дамыған өңірлерінің бірі. Қазақстанның бағалы техникалық және дәнді дақылдары — мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, жүгері өсірілетін басты суармалы егіншілікті ауданы. Ол бақ, жүзім және қой өсіру жөнінен бірінші орын алады.
Бұл аймақ өзінің бай тарихи және мәдениетімен атақты, оған куә Тараз қаласындағы Айша-Бибі, Қарахан, Бабаджа-Хатун архитектуралық кесенесі, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи архитектуралық кесенесі және т.б. Бұған қосымша бола алатын Алматы облысындағы Жетісу өлкесіндегі ғажайып Сақтардың мазаратты дөңбешіктері. Оңтүстік Қазақстан облысы аймағында әлемге әйгілі атақты Байқоңыр космодромы орналасқан.
Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан дем алуға өте қолайлы климаттық ерекшеліктермен атақты онда аңшылық, альпизизм, шаңғы спорты, канки тебу сияты спорт түрлері дамыған.
Халық арасында қаймағы бұзылмаған салт – дәстүрді ерекше дәріптеп, қастерлейтін өңәр де осы – Оңтүстік Қазақстан. Еліміздің кең байтақ аумағында түрлі өңірлер мен олардың ерекшеліктері – халықтың мақтанышы деп білемін.
Менің туған жерім,туған өлкем, кіндік қаным тамған жер ол -Қазақстан.Мен өз еліммен мақтанамын!Өз өлкем өзіме ыстық болып келеды.Қайда барсам да өз туған өлкемің топырағын,қайнар бұлақ сулары маған ыстық болып келеді.Әр а өз туған өлкесін құрметтеуі қажет.Қазақстан мемлекеті өте бай.Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазақстан өте бай,мейірімшіл ел.Ешқандай жер менің туған өлкеме жете бермейді!