Флейта — үрлемелі музыкалық аспап. Флейтаның пайда болған жері Азиядеп саналады. Флейта аспабы әбден жетіліп, өзінің шырқау биігіне жетті. Ол ағаштан немесе жезден жасалды.Осы заманғы музыканттар үш бөліктен тұратын Флейтаныны пайдаланады; ұзынды5ы 68-ден 72 см-ге дейін, 16 — 18 ойығы бар. Флейтаның түрлері: кіші Флейта немесе Ф-пикколо, Флейта-альт, Флейта-бас; үлкен Флейта.
Қоршаған орта деп – айналамыздағы көрінетін, естілетін және сезілетін заттың барлығын айтады. Бұл өте кең ұғым. Ол белгілі бір шекаралардағы кеңістікті ғана емес, сонымен бірге адамның өміріне тікелей немесе жанама түрде әсер ететін табиғи және антропогендік құбылыстарды қамтиды. Экологиялық проблемалар қазіргі қоғамның ең өткір мәселесі болып саналады. Бүгінгі күні, әлемде 7 миллиардтан астам адам өмір сүреді. Халық санының қарқынды өсуіне байланысты, оларды тамақтандыру үшін жаппай аң және балық аулана бастады. Бұл жағдай, көптеген жануар түрлерінің азайып кетуінің басты себепшісі болды. Соңғы 400 жылда, жануарлардың және құстардың 160-тан астам түрлері жойылып кетті. Зауыт-фабрикалардан шығатын улы газдар ауаны ластады, ал оның қалдықтары көп мөлшерде өзендерге тасталып жатыр. Өнеркәсіптің дамуы, автокөліктердің көбеюі және ағаштардың кесілуі салдарынан, адамзат экологиялық апатқа жақындады. Табиғат – біздің үлкен үйіміз. Лас үйде ешкімнің өмір сүргісі келмейтіні анық. Сондықтан, тиісті емес орында қоқыс тастамас бұрын, оның қоршаған ортаға тигізетін зияны туралы ойлаңыз. Барлығы кішкентай заттан басталады, егер бұл жағдай одан әрі жалғаса беретін болса, онда біз табиғаттың сұлулығын ұмытып кетеміз. Табиғат байлығын сақтау және қалпына келтіру – әр азаматтың міндеті.
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:
көркем әдебиет, музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, би, сәулет өнері, т.б. түрлері бар. Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады.