Ақсай - қала, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының орталығы, темір жол станциясы
Орал қаласынан 140 км жерде, бетеге мен селеу өскен қоңырқызғылт топырақты, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Шыңғырлау өзенінің солтүстік далалық өңірінде орналасқан.
Тұрғыны:
33,6 мың адам (2014).38,3 мың адам (2015).Тарихы[өңдеу]Іргесі 1936 жылы Орал - Илецк темір жолын салуына байланысты қаланған. Басында “Қазақстан” болып аталып, бұл кент 1967 жылы қала мәртебесін алып, аты Ақсай болып өзгертілді. 1965 жылдан бастап Бөрлі ауданының орталығы. Қарашығанақ кені игеріле басталуы қала дамуына жаңа қарқын берді. 1980 жылдар бойы Герман Демократиялық Республикасы мен Чехословакиядан құрылысшылар келіп, Қарашығанақта газ өндірісіне қажетті қондырғылар салды. Ақсай да шет қалмай, бірнеше шағын аудан, мектеп, балабақша, ойын-сауық орталықтары салынды.[2]
Ақсай қаласында машина-трактор жөндеу, темір-құйматас бұйымдарын жасау зауыттары, автобаза, астық қабылдау пункті, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, темір жол көлігі кәсіпорындары, нан зауыты, элеватор жұмыс істейді.Орта мектептер, кітапханалар, аурухана, кинотеатр бар. Қалада 6 орта мектеп бар. Тұрғындар облыс орталығымен, жақын аудандармен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жердеҚарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны орналасқан.[3]
Дұрыс тамақтану.
Иммунитетті көтерудің тиімді тәсілі – салауатты өмір салтын ұстанып, көкөніс пен жеміс –жидектерді тағамға көп пайдаланып, сонымен қатар сүт тағамдарын жиі ішіп тұру.
Көкөністер мен жеміс – жидектердің, сүт тағамдарының құрамында адам ағзасына қажетті түрлі дәрумендер бар, сонымен қатар соңғы кездері көп адам дұрыс тамақтану бағытын ұстанып жатқандықтан, көкөніс жеу асқазанға пайдалы, әрі артық салмақтан да арылуға көмектеседі. Әсіресе, маусым арасында құрамында С витамині бар көкөністер мен жеміс – жидектерді қолданған дұрыс.
Дәрігерлердің айтуынша, адам иммунитетін көтерудің ең тиімді тәсілі – салауатты өмір салтын ұстану. иммунитетті көтеру үшін үйлесімді тамақтану маңызды орын алады. Күніне 3-4 рет, уақытылы және дұрыс тамақтану, ол үшін кебектен, витаминді – минералды кешенмен байытылған ұннан жасалған нан, қырыққабат, сәбіз, аскөк және қызылшаны көбірек пайдаланған жақсы.
Ағзада көбінесе жеміс-жидектер мен көкөністерді қолдану. Олардың құрамындағы дәрумендер мен микроэлементтер бактерия мен вирустармен күресетін, ақ түсті жасушалардың бөлуіне ықпал етеді. Ақуызды құрайтын тағамдарды жеу, олар антиденелерді бөліп шығаруға қатысады. Тамаққа бір ас қасық тары мен күнбағыс дәнін қосу – осылайша цитокинды арттырып, иммунитетке жауапты антидененің бөлініп шығуына ықпал тигізеді.
Тиімді әрі дұрыс тамақтана отырып, қоршаған ортаның зиянды әсерлеріне қарсы тұруға және көптеген созылмалы аурулардың алдын алып, өмір жасын ұзартуға болатыны бүгінгі таңда дәлелденгендіктен, отбасы мүшелеріммен салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануға көшу керек.