М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
edsrghhythg
edsrghhythg
08.06.2021 14:48 •  Қазақ тiлi

Зат есім деген не? етістік деген не? сан есім деген не? сын есім деген не? есімдік деген не? одағай деген не?

👇
Ответ:
lalal2345
lalal2345
08.06.2021

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау.

Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория. Не істеді? Не қылды? Қайтті? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Отырмын, бардық, істеді, айттың, аштыңыз.

Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз. Сұрақтары: қандай? Қай? Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал).

Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді.

Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы.Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады. Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

1. жіктеу есімдіктер;

2. сілтеу есімдіктер;

3. сұрау есімдіктер;

4. өздік есімдіктер;

5. белгісіздік есімдіктер;

6. болымсыздық есімдіктер;

7. жалпылау есімдіктері;

Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да); Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен. Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

Мағыналарына қарай бөлінуі:

Ишарат одағайлар

Жекіру одағайлары

Жануарға арнап айтылатын одағайлар

Шақыру одағайлары

Көңіл-күй одағайлары

Императивтік одағайлар

Тұрмыс-салт одағайлары.

4,5(27 оценок)
Ответ:
sviatolavbazil
sviatolavbazil
08.06.2021

1) Зат есім – заттың,ұғымның,құбылыстың атын білдіретін сөз табы.Сұрақтары:кім?не?кімдер?нелер? Мысалы:бата,ата-ана,оқушы, баспалдақ,қуаныш,үй т.б.


2) Етістік – заттың іс-әрекетін,қимылын білдіреді.Сұрақтары:не істеді?не қылды?қайтті? Мысалы:айтпады,аяқта,уәде берді,үй өртенді,өшірді т.б.


3) Сан есім – заттың санын,ретін білдіреді.Сұрақтары:неше?қанша? нешінші?нешеу? 6 мағыналық түрі бар:есептік,реттік,жинақтық,болжалдық,топтау,бөлшектік сан есімдер.Мысалы:жиырма үш,оныншы,екі жарым,қырықтай,біреу т.б.


4) Сын есім – заттың түрін,түсін,сапасын,салмағын,көлемін білдіретін сөз табы.Сұрақтары:қандай?қай? Мысалы:бойшаң,қызыл,көшпелі, көкпеңбек,ауыр т.б.


5) Есімдік – зат есім,сын есім және сан есімнің орнына жүретін сөз табы.Сондықтан да ол "орынбасар сөз табы" деп те аталады.Мағынасына қарай 7 түрі бар:жіктеу,сілтеу,сұрау,өздік,жалпылау, белгісіздік, болымсыздық есімдіктері.Мысалы:сен,мынау,қайда,өзім,барлық, қайсыбір, ештеңе т.б.


6) Одағай – дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз табы.Мағынасына қарай: көңіл-күй,жекіру,шақыру одағайлары деп бөлінеді.Мысалы:алақай,тәйт,шөре-шөре,қап т.б.

4,6(46 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
dakusy2006
dakusy2006
08.06.2021

Атан түйе шөккен жер деп аталған.

Шайқаста Райымбек батыр ауыр жараланады. Бұл оның жасы сексенге тақаған кезі еді. Райымбек батыр еліне: "Мені ана тұрған ақ атанға отырғызып, көштің басын Хантəңіріге түзеңдер. Жете алмасақ, дəмнің таусылғаны. Ақ атан шөккен жерге елді қоныстандырыңдар. Менің де сүйегімді сол жерге табыс етіңдер", - депті.

Бəрі қарт батыр айтқандай болады. Ел көшін тауға қарай бұрады. Ұзақ жол жүреді. Көш қазіргі Алматы қаласы Райымбек даңғылы бойындағы Орталық зират орналасқан жерге жетіп тоқтайды. Сол араға атан түйе де шөгеді. Ел жүгін түсіріп, осы араға қоныстанады. Көп ұзамай Райымбек батыр дүние салады. Батырдың зираты сол жерге орнайды.

Объяснение:

4,5(1 оценок)
Ответ:
Piloti3p6i
Piloti3p6i
08.06.2021

Қазақтың кәсіби театр өнерінің қайнар көзі халық шығармашылығына (әнші, ақындар айтысы мен шешендік өнерге), ежелден келе жатқан әдет-ғұрып пен тұрмыс-салтқа (беташар,бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауық (алтыбақан, қызойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) пен Алдар Көсе, т.б. секілді күлдіргі қулар өнеріне саяды. Қазақ халқының қоғамдық ортасында туған, қиыннан қисын табар тапқыр, ой-қиялы жүйрік, ділмар адамның жиынтық бейнесі болып, аты аңызға айналған Алдар Көсе, Жиренше шешен, Қожанасыр мен Тазша бала есіміне байланысты күлдіргі әңгімелер ел арасында ертеден белгілі. Ал Айдарбек, Битан-Шитан, Зәрубай, Күндебай, Қантай-Тонтай, Мауқай, Текебай, Торсықбай, т.б. белгілі халық қуларының өнері туралы кезінде Ш.Хұсайынов пен Қ.Қуанышбаев (“Шаншарлар”), Ж.Шанин (“Айдарбек”, “Торсықбай”), т.б. драматургтар пьесалар жазды. Қуанышбаев, Е.Өмірзақов т.б. актерлер өз ойындарында халық қуларының бай тәжірибесін мол пайдаланды

4,4(98 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ